Лукашенко Польша шекарасындағы босқындарға келді
Беларусь президенті Александр Лукашенко Польша шекарасына таяу шығыс елдерінен келген мигранттар орналасқан «Брузги» өткізу бекетіндегі көлік-логистикалық орталыққа келді.
РИА Новости ақпараты бойынша, қараша айында Лукашенконың баспасөз қызметі Беларусь елінде шамамен 7 мың болса, ал Польша-Беларусь шекарасында екі мың адам бар деп хабарлады.
Босқындар шекарадан өтуге тырысуда, бірақ Польша қауіпсіздік күштері бұған жол бермейді. Қазір олар үшін гуманитарлық дәлізді күтетін логистикалық орталық жасалды.
Лукашенко логистикалық орталықта мигранттар алдында сөз сөйледі. Босқындарға өзінің міндеті – қиыншылыққа тап болған адамдарға көмектесу, қалғаны – олардың таңдауы екенін айтты.
– Бұл сіздің еркіңіз, барыңыз – өтіңіз! Біз сізді жақсы біліп, түсініп отырмыз, Сіз Еуропаға жетуге тырысасыз, сізді сол жерге шақырды. ... Егер сіз қаламасаңыз, біз қолыңыздан бұрап, Отаныңызға жібермейміз, – деді ол.
Қараша айының басында Польша мен Беларусь шекарасында көші-қон дағдарысы ушығып кетті: «Брузги-Кузница» шекара өткізу пунктінің жанында Ирак пен Сириядан мыңдаған босқындар сөмкелерімен және кішкентай балаларымен жиналды.
18 қараша күні Еуропалық Одақ Беларусь-Польша шекарасындағы босқындарға 700 мың еуродан бөлді. Оның 200 мыңы Халықаралық Қызыл Крестің Беларусь бөлімі арқылы таратылады.
Қаражат Беларустің Қызыл Крест бөліміне гуманитарлық көмекке жұмсалады. Сонымен қатар, қазір тағы 500 мың еуро салу жолдарын іздеу жүзеге асырылуда.
25 қарашада Лукашенко Беларустан Иракқа босқындарды көшіру ақысын Еуропалық Одақ төлеуі керек деп жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық