Ұлттық Олимпиада комитетінің жауабы: Олимпиадаға қанша қаражат жұмсалды?
Қазақстандық спортшыларды Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарына дайындауға және алып баруға қанша ақша бөлінді?
Осы сұрақ төңірегінде Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов жауап берді.
— Біз Токио Олимпиадасымен қатар, Азия ойындарына да дайындалдық. Өткен жылы пандемияға байланысты 10,9 млрд теңге бөлінді. Биыл екі бірдей әлемдік додаға қатысатын болғандықтан 15,6 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде спортшылардың жалақысы, қажетті құрал-жабдықтар алу, медициналық көмек, жиындарды өткізу, лицензия ұтып алу сайыстарына қатысу секілді бірнеше бағыт бар, - дейді комитет өкілі Елсияр Қанағатов.
Комитет өкілінің айтуыншы, Токио Олимпиадасына бөлінген қаржыдан 300 млн теңге үнемделген.
— Токиоға Қазақстаннан үлкен көлемде делегация кетіпті деген де сыбыс тарап жатыр. Керісінше, пандемияға байланысты ұйымдастырушылар қатысушылардың санын шектеді. Иә, біздің комитеттің қызметкерлері бар, олар Олимпиада уақытында күні-түні еңбек етіп жатыр. Сондықтан көп адам келді дегендермен келіспеймін. Бөлінген қаражатты спортшыларға жеткізуге тырысамыз, - деді ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында Елсияр Қанағатов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық