Ұлттық ұлан сарбаздары содырларға қарсы қалай шайқасқанын айтты
Фото: Orda.kz
Ұлттық ұлан сарбаздары «қасіретті қаңтар» оқиғасында қала тұрғындарының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз еткендерін айтты. Ұлттық ұлан қатарында әскери қызметке келген 18-20 жас аралығындағы жігіттер.
Алматы телеарнасының хабарлауынша, 21 жастағы Бақтияр Шүкенов тәртіпсіздіктер кезінде басы жарылып, қолы мен аяғы көгерген.
Жас жігіт 4 қаңтар күні кешке Қостанайдан Алматыға келген. Ол қала көрінісінен шошып кеткен: барлық жерде қоқыс, көліктер өртеніп жатыр, адамдар өзіне ұқсамайды.
– Біреуіміздің басымызға тас тиді. Мен оны көтеріп жатқанда құлап кеттім. Жұрт бәрімізге шабуыл жасады. Мен оны шетке итеріп жібердім де, өзім адамдардың астында қалдым. Олар аяқпен теуіп, қолдарымен ұра бастады. Кейін біздікілер мені құтқарып қалды, - деді ҚР Ұлттық ұланына қарасты 5571 әскери бөлімінің жауынгері Бақтияр Шүкенов.
Ал Медеу Алпыспаев сол кездері мемлекеттік нысандарды қорғауда қызмет етті. Жігіт алаңға он мың адам жиналғанда өз көзіне өзі сенбегенін есіне алды. Сарбаз наразылық білдірушілер арасында психотроптық заттардың әсерінен болған адамдар бар деп болжайды. Қиын жағдайға қарамастан, ол әріптестерімен бірге олармен диалогқа түсуге тырысқан.
– Мен оларды қарумен емес, сөзбен тоқтатқым келді. Адамдарға мұның бәрі дұрыс емес екенін, бірін-бірі тонауға болмайтынын түсіндіргім келді, - деді ҚР Ұлттық ұланының 5571 бөлімшесінің жауынгері Медеу Алпыспаев.
Жасы 18-20-ға енді толған жігіттер бірден есейіп кеткен. Жантүршігерлік оқиғалар сарбаздардың туған жері үшін жанын қиюдан қорықпай, қала тұрғындарының қауіпсіздігін ақырына дейін күзеткенін көрсетті.
– Біздің қатарымызда ауыр жарақат алғанына қарамастан, далаға қайта оралған жауынгерлер бар: «Бауырларымыз сонда қалды, оларды мына сұмдықтан алып шығайық» деп, сонда қайта ұмтылды. Мен олардың көздеріндегі батылдықты көріп, мақтан тұттым, - деді ҚР Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімшесінің қару-жарақ бөлімінің бастығы Ескендір Мамытбеков.
Бұл әскери бөлімде 900-ден астам сарбаз бар. Олардың әрқайсысы өздерінің әскери борышын ерлікпен атқарды. Бүгінде олар әдеттегідей жұмыс істейді. Ал зардап шеккендер жазылып, қатарға қайта оралған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық