Ұлттық халық санағына қанша қаражат жұмсалатыны айтылды
Фото: egemen.kz
Ұлттық халық санағы баяғыдан жаңа технологияларды қолдануды, енгізуді талап ететін процесс екені белгілі. Биыл осы үрдіске жауапты ведомство және мамандар жаңа технологияларды енгізе отырып, 2009 жылғы санаққа қарағанда 2,6 есеге арзан түсетін ұлттық деңгейдегі жұмысты жүзеге асырмақ.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Халық санағына қатысты Ұлттық статистика бюросына қарасты Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеме жасады.
– 2018-2023 жылдар аралығындағы халық санағын жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен 9,1 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде 4,7 миллиард теңге халық санағын жүргізетін қызметкерлердің жалақысына жұмсалады. Процесс барысында 32 313 адам жұмыспен қамтылады, - деді ол.
Оның айтуынша, жауапты мекеме қазіргі уақытта халық санағы кезінде жұмыс істеуге ниетті азаматтармен келісім-шартқа отырып жатыр.
Бюро басшысы биылғы Ұлттық халық санағына 2009 жылғы науқанға қарағанда 2,6 есе қаражат жұмсалғалы отырғанын баса айтты.
2021 жылғы халық санағы кезінде жан басына кететін шығын 1,1 АҚШ долларын құрайды, 2009 жылы әр адам басына 2,9 АҚШ доллары жұмсалған, - деді Айдапкелов.
Қаражаттың үнемделуі цифрлы технологияларды жұмыс процесіне енгізіп, халық санағы барысында мәліметтерді жинақтауды автоматтандыру есебінен жүзеге асқан. Санақ үшін жалпы құны 1,1 миллиард теңгеге 27 412 планшет қуаттау құрылғысымен және қаптамасымен бірге сатып алынған. Санақтан кейін бұл құралдар қажеттілік туындаған мемлекеттік мекемелерге беріледі.
Еске салайық, Ұлттық халық санағы 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында онлайн/дәстүрлі форматта өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық