Ұлттық банк төрағасының інісі Forte Bank басшысы болып тағайындалды
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың інісі Бекжан Пірматов ForteBank басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Шешім банктің директорлар кеңесі отырысында қабылданды.
Бекжан Пірматов — Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың інісі. Кәсіби банкир, банк саласында, оның ішінде HSBC және ЕҚДБ сияқты қазақстандық және халықаралық қаржы институттарында 18 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Цесна Банк пен First Heartland Jysan Invest-ті басқарды. Forte командасына Пірматов 2020 жылы басқарма төрағасының орынбасары ретінде қосылды. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (Нархоз университеті) және George Washington University (АҚШ) түлегі.
— Forte-дегі жұмысында Бекжан Пірматов бизнестің барлық негізгі бағыттарын, соның ішінде корпоративтік бөлімді, ШОБ-пен жұмыс бағытын, қазынашылықты және бөлшек сауда сегментін сәтті басқарды. Оның кәсіби біліктілігін, жергілікті және халықаралық қаржы нарығын терең білуін, көшбасшылық қасиеттерін ескере отырып, директорлар кеңесі Бекжанды басқарма төрағасы етіп бекіту туралы шешім қабылдады. Біз оның басшылығымен Forte командасы өз бизнесін тұрақты түрде дамыта беретініне сенімдіміз, — деп түсіндірді Forte Bank директорлар кеңесінің төрағасы Эльдар Әбдіразақов.
— Мен Forte-ні тамаша банк деп санаймын және акционерлер мен директорлар кеңесіне сенімдері мен келесі деңгейге көтеру мүмкіндігі үшін алғыс айтамын. Біз үшін цифрлық шешімдерге назар аудара отырып, бизнестің барлық сегменттерінде өсуге бағытталған тиімді әмбебап банк стратегиясының сабақтастығы мен жалғасуы өте маңызды, – деді Бекжан Пірматов.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ForteBank-тің негізгі көрсеткіштері жоғары көтерілді. Осылайша, оның активтері 15,8%-ға, несие – 27,5%-ға, депозиттер – 4,5%-ға өсті. Басшылықтың есептері бойынша таза пайда 43,2 млрд теңге болды.
Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде халықаралық S&P Global Ratings агенттігі ForteBank-тің ұзақ мерзімді несие рейтингін B+-дан BB- деңгейіне дейін көтерді. Рейтинг болжамы тұрақты. Агенттік сонымен қатар банктің қазақстандық ұлттық рейтингін «kzBBB+» деңгейінен «kzA-» деңгейіне көтерді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық