Ұлттық банк коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі KIIZ ÚI және SALIÝT-1 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.
KIIZ ÚI коллекциялық монеталары туралы:

Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен жасалған KIIZ ÚI монеталары «Дала қазынасы» сериясын жалғастырады. Монеталардың дизайны киіз үй кеңістігінің шексіздігі мен ондағы көшпенділер әлемінің орнын білдіреді.
Киіз үй – көшпелі түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін сақтаған, ұлттық қазына саналатын дәстүрлі қонысы. Ол адам мен дүниенің, күнделікті өмір мен мәдениеттің өзара байланысын бейнелейді.
SALIÝT-1 коллекциялық монеталары туралы

Номиналы 500 теңгелік тантал бар күмістен, номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған SALIÝT-1 коллекциялық монеталары «Ғарыш» сериясын жалғастырады. Монеталар Байқоңыр ғарыш айлағынан басқарылатын әлемдегі алғашқы «Салют-1» орбиталық ғарыш станциясының ұшырылғанына 50 жыл толуына орайластырылған.
Монеталар:
- массасы 41,4 грамм күмістен және танталдан (сақина – 925 сынамалы күмістен, массасы 14,6 грамм, диск – массасы 26,8 грамм танталдан) дайындалған, диаметрі 38,61 мм, «proof» дайындау сапасымен, номиналы 500 теңгелік, дайындау таралымы – 2500 дана;
- МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, «proof-like» дайындау сапасымен, номиналы 200 теңгелік, дайындау таралымы – 10 000 дана;
- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, «uncirculated» дайындау сапасымен, номиналы 100 теңгелік, дайындау таралымы – 100 000 дана.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық