Ұлттық банк айырбастау орындарына 82 келі алтын сатты
Ақпан айында Қазақстанның Ұлттық банкі жалпы салмағы 82 келі болатын 2586 алтын құйма сатты.
Алтынды екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттері сатып алды.
Қазіргі уақытта қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен валюта бағамының құбылмалылығының күшеюі жағдайында алтын құймаларына инвестиция салу Алматы, Нұр-Сұлтан және Атыраудағы айырбастаушылар арасында танымал болып отыр.
— Алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы банктердің және банктік емес айырбастау пункттерінің клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, құймаларды сатып алу мүмкіндігі болып табылады, - деді қаржы реттеушісі.
Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Сатып алушылар арасында ең танымал - салмағы 10 грамм болатын құйма.
Халық үшін тазартылған алтынның (қоспалардан тазартылған – ред.) өлшенген құймаларын сату және қайта сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосты. Іске қосылғаннан бері жалпы салмағы 2,9 тонна болатын 79 262 алтын құймасы сатылған.
Қазіргі уақытта алтын құймаларын Халық банкінде, Еуразиялық банкте, Жусан банкте, ЦентрКредит банкінде, сонымен қатар таңдаулы банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық