LRT ісі: Талғат Арданды қайтару қалай жүріп жатыр?
Фото: Astana LRT
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев шетелде қашып жүрген қылмыскерлерді елге қайтару процесі туралы айтты. Оның ішінде LRT құрылысына жауапты Талғат Арданға да тоқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Іздеуде жүрген 3,5 мың адам бар, оның ішінде 1,5 мыңы – халықаралық іздеуде. Олардың аты-жөні мен барлық ақпарат қолда бар. Интерполмен жұмыс жүріп жатыр. Біз олардың жүрген жерін анықтап жатырмыз. Тиісінше, оларды экстрадициялау жұмысы жүргізіледі», — деді Қойгелдиев.
Сонымен қатар, аты шуға айналған Астана LRT құрылысына жауапты болып, 2023 жылы сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырылған және шетелде қашып жүрген Талғат Арданға қатысты халықаралық іздестіру жұмыстарының қай деңгейде екенін айтты.
«LRT құрылысына жауапты болған Талғат Ардан қазір іздеуде. Оның жүрген жерін анықтаған бойда Интерпол арқылы жұмыс жүргізіледі», — деп қысқа қайырды прокуратура өкілі.
Сондай-ақ, Қойгелдиев шетелде қашып жүрген қылмыскерлер ерте ме, кеш пе Қазақстанға келіп, өз жазаларын өтейді деп түйіндеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық