LRT ісі бойынша айыпталушы бостандыққа шығарылды
Astana Innovations басқармасының бұрынғы төрағасы, «Астана LRT» ісі бойынша айыпталушы Талғат Әшім бостандыққа шықты.
«Менің клиентім Талғат бостандықта! Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен шықты» деді оның адвокаты Джохар Өтебеков өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың мамыр айында сот «Астана LRT» ісі бойынша үкім шығарды. Жеті сотталушыға жетіден 10 жылға дейін колония берілді. Әшім жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Содан кейін қалалық сот үкімнің күшін жойды. Іс прокурорға негізгі сот ісін тағайындауға кедергі келтіретін маңызды бұзушылықтарды жою үшін қайтарылды.
Тергеу мәліметінше, LRT құрылысы кезінде 5,8 млрд теңге ұрланған. Елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Астана LRT басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ардан қылмысты ұйымдастырушылар болып саналады. Екеуі де халықаралық іздеуде. Соңғы мәліметтер бойынша, Ардан Түркияда, Сұлтанбеков АҚШ – та жасырынып жүр.
Сонымен қатар, Сұлтанбековтың жұбайы Instagram-да Манхэттендегі сәнді өмірдің суретін салып: «мен өзіме бай болуға рұқсат бердім!» деп жазды.
Қазақстандықтар Сұлтанбеков пен Арданның шынымен іздеу жарияланғанына күмәнданды. Өйткені, олар Интерпол сайтында іздеушілер тізімінде жоқ. Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов барлық елден қашқандар туралы ақпарат Интерполдың сайтында орналастырылмағанын, негізінен онда кісі өлтіру, террористік қылмыстар және қарақшылық деген күдіктілердің деректері жарияланатынын түсіндірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық