Лондонда Уәлихановтың ағылшын тіліндегі шығармалар жинағы таныстырылды
Лондондағы Кембридж университетінің баспасы көрнекті қазақ ғалымы, этнолог, географ, картограф және суретші Шоқан Уәлихановтың ағылшын тіліндегі тұңғыш таңдамалы жинағының тұсаукесерін өткізді. Бұл туралы Хабар агеттігі хабарлады.
Кітап Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен серіктестікте Қостанай облысының әкімдігі мен Ұлттық аударма бюросының қолдауымен жарық көрді. Іс-шара Ұлыбританияның әйгілі Корольдік Географиялық Қоғамының қабырғасында өтті және онлайн режимінде таратылды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген қонақтар қатысты.
Тарихи және ғылыми құндылығына қарамастан, Шоқан Уәлихановтың шығармалары ағылшын тілді әлемде әлі де кең танымал болмаған.
Кітапқа Шоқан Уәлихановтың Орталық Азияның географиясын, тарихын, этнологиясын және экономикасын зерттеуге арналған ең маңызды ғылыми еңбектері енген. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты аудармаға материалдарды іріктеу кезінде қазақтардың және басқа аймақтағы халықтардың тарихын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, қазақтың сот жүйесін сипаттайтын мақалаларға, сондай-ақ автордың демократиялық көзқарастарын, оның ішінде халық үшін салыстырмалы түрде пайдалы реформаларды сипаттауға тырысқан.
Жаңалықтар
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру