Лондонда Палестина туын ұстаған ер адам Биг Бенге шығып алып 16 сағат отырды
Фото: РА (SkyNews)
Белсенді Вестминстер сарайының сағат ілінген мұнарасына шығып алып, палестиналықтарды қолдайтын ұран айтып, оның бәрін өз телефонына түсіріп, бірден интернетке жариялады, деп хабарлайды Orda.kz Sky News арнасына сілтеме жасап.
Таңертең сағат ілінген биік мұнараға жалаңаяқ ер адам шықты. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оны төмен түсуге көндірмек болды, бірақ нәтиже болмады. Оқиға орнына полиция шақырылды. Оқиғаға орай Вестминстер көпірінің солтүстік бөлігінде көлік қозғалысы жабылды.
«Лондон полициясының қызметкерлері оқиға орнында қауіпсіздік жұмыстарын жүргізіп жатыр» деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері белсендіні 10 метрлік биіктіктен түсуге көндіруге тырысып, Биг Бен маңында орнатқан лифтпен оған көтерілген.
Палестина туын желбіретіп, оған бостандық талап еткен жас жігіт наразылық білдіріп 16 сағат бойы биікте отырды.
«Ер адам қазір қамауға алынды. Оқиға ер адам отырған жерде адамдардың көп жүретіндігіне және біздің офицерлердің, жеке тұлғалардың және жалпы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты ұзаққа созылды» деп жазады Independent басылымы полицияға сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, құтқарушылар мен келіссөз жүргізушілер оны үшінші рет түсуге көндіру әрекетінен кейін жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 05:00 шамасында ер адамды күштеп түсіріп, алып кеткен.
Биг Бен - Вестминстер сарайының сағат мұнарасы, Ұлыбританияның басты символдарының бірі. Оның биіктігі 96 метр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық