Лондонға барған Өтемұратов теннисші Рыбакинаның жеңісі туралы айтты
Кеше Қазақстандағы теннис спортының дәрежесі қай деңгейде екенін көрсеткен Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісі мен оның осы жолда еткен еңбегі туралы теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов ҚТФ баспасөз қызметіне сұхбат берген екен.
Өтемұратов сөзінің басын өзінің қуанышынан бастап, бұл таңғалатындай жағдай емес екенін айтады.
«Мен Еленаның жетістігі үшін қуаныштымын! Ол өзінің жарқын әлеуетін және өте күшті қарсыластармен күресте ең жоғары ойын деңгейін көрсете алды. Бірақ бұл тосынсый болған жоқ. Рыбакина өзінің үздік матчтары мен табыстарына баяғыдан-ақ қадам басып келеді: 2018 жылы ол әлемдік рейтингте екінші жүздіктің соңында болды, 2019 жылы - 40 үздіктердің қатарында, 2020 жылы ол 19 – шы орында, 2021 жылы ол планетаның 14-ші ракеткасы болды, ал биыл ол 12-ші орынға шықты Мұндай даму мен қозғалыс ерте ме, кеш пе үлкен жеңістерге әкелері заңдылық», - дейді Өтемұратов.

Оның айтуынша, Елена Рыбакина финалда «өте керемет өнер көрсетіп, матчтың барысын өзгертіп, қарсыласына жоғары қарқынын байқатып, ойында алдын ала болжап ойнаған».
Жартылай финалдан кейін Рыбакинаның жанкүйерлеріне деген ыстық лебізін айтқанын көрдік, оның ішінде Өтемұратовтың да есімі аталған. Өтемұратов Лондонға барып, Еленаға марапат табыстау кезінде Қазақстанның туын өзі көтерген.
Жақында Елена Рыбакина Уимблдон финалында әлемнің екінші ракеткасы, Тунистің өкілі Онс Жабермен кездесті. Ол осы турнирде жеңіске жеткен Қазақстанның алғашқы теннисшісі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық