Ливан астанасында Хезболла қолбасшысы қаза тапты
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Ливанға әуе шабуылын жасады. Жарылыстан «Хезболланың» операциялық қолбасшысы Ибрагим Акил қаза тапты. Ливан билігі де шабуыл кезінде кемінде сегіз адамның қаза тапқанын хабарлады.
Әл Жазира басылымының хабарлауынша, шабуыл 20 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де болған. Ливанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бейруттың оңтүстік шетіндегі әуе соққылары салдарынан кемінде сегіз адам қаза тауып, 59 адам жараланған. Шабуыл құрбандарының арасында бес бала бар.
Сондай-ақ Израиль әскерилері Ибрагим Акилден басқа Ливандағы әл-Хадж Радван күштері тобының құрамындағы арнайы бөлімшелерге жататын Хезболланың басқа да жоғары лауазымды басшыларының қаза тапқаны хабарланды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Бас штабының басшысы Герци Халеви «солтүстік майданда» Ливанмен шекарада соғыс қимылдарын жалғастыру жоспарын мақұлдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық