Лисаков қаласында өгей қызын бір жыл бойы зорлаған ер адам ұсталды
Фото: Photographee.eu/Shutterstock.com
«НеМолчи» қоры қыздың алғаш рет 13 жасында зорланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қостанай облысының полицейлері кәмелеттік жасқа толмаған қызға жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен Лисаков қаласының тұрғынын ұстады.
«НеМолчи» қоры ер адамның 13 жасар өгей қызын бір жылдай зорлағанын хабарлады. Құқық қорғау органдары қазір «16 жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын айтты.
«Күдікті қамауға алынып, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол жеке ұйымда жалдамалы қызметкер болып жұмыс істеген. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінен.
«НеМолчи» қоры күдіктінің жеке басы туралы сәл басқаша ақпарат жариялады. Айтуларынша, ұсталған азамат Лисаков қаласындағы белгілі кәсіпкер. 2020 жылы қалалық мәслихаттың депутаты болған. Сондай-ақ оның ұзақ жылдар бойы мешіттерге қаржылай көмек көрсеткені де айтылады.
Айналасындағылар оны ашық-жарқын, жанашыр адам деп сипаттады.
Тексерілмеген мәліметтерге қарағанда, бала зорлық-зомбылық туралы аудиожазба жасауға мәжбүр болған. Көршісі соңғы алты айда қыздың ешкіммен сөйлеспей, тұйықталып, қатты өзгергенін айтқан.
Бұған дейін Жетісу облысында «АМАНАТ» партиясының бұрынғы қызметкері Серікқан Жақыпов жеті жасар жиеніне азғындық жасағаны үшін сот өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты