«Әліппе» оралды. 1-сынып оқушыларының оқу бағдарламасы өзгерді
1 қыркүйекте жаңа оқу жылына арналған салтанатты жиындарда бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Министр биыл «Әліппе» оқу бағдарламасына оралатынын еске салды.
– 1 қыркүйекте бізде дәстүрлі салтанатты жиындар өтеді. Онда біз мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларымызға «Әліппені» тапсыруымыз керек. Бұл өте жақсы дәстүр. «Әліппе» - баланың алғашқы кітабы, барлық кітаптар дайын, тек дер кезінде табысталуы керек, - деді министр.
Асхат Аймағамбетов Қазақстанның әдіскерлері Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылы жазған кітабы бойынша «Әліппенің» жаңа нұсқасын дайындауда үлкен жұмыс жасалғанын еске салды.
– «Әліппе» оқулығын жазу кезінде негізгі техникалық принциптер сақталды. Бұл дыбыстармен жұмыс, «қарапайымнан күрделіге» принципі. Барлық бағдарлама балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді, - деп қосты Аймағамбетов.
Айта кетсек, бірінші сынып оқушылары бірінші және екінші тоқсанда «Әліппе» (орыс мектептерінде «Букварь») оқитын болады. Үшінші тоқсаннан бастап балалар «Ана тілі» кітабы бойынша ана тілін үйрене бастайды.
Білім министрлігінің кестесіне сәйкес, Қазақстанның барлық мектептері 20 тамызға дейін оқулықтарды алуы тиіс. Жұмысты әр облыстың білім бөлімдері қадағалайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық