Әлия Назарбаева Қоры мен РОП операторы арасында қандай байланыс бар?
Фото: Orda.kz
Әлеуметтік желіде Елбасының кенже қызы Әлия Назарбаеваның Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорына қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы ақпарат тарады. Orda.kz редакциясы оқиғаның мән-жайын анықтады.
Әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорына» қатысты тексеру жүргізді деген ақпарат тарады. Ұйымның негізін қалаушы – Әлия Назарбаева, ал директоры – Ермек Мәжитов. Жұртшылықтың хабарлауынша, соңғысын департамент қызметкерлері жауап алуға шақырып қойған.
Orda.kz редакциясы Ермек Мәжитовке хабарласты. Ол Қорға және өзіне қатысты тергеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Алғашқы дереккөз кім екен деп бірден ойландым. Қорға қатысты тергеу жүргізілмеді, ондай ештеңе де жүріп жатқан жоқ. Бәрі жақсы. Егер мені шақырса, мұндай нәрсе болып жатқанын білер едім. Ештеңе жоқ. Менің РОП операторына қатысым жоқ, компанияда жалдамалы жұмысшы болдым, енді онда жұмыс істемеймін. Маған қатысты ешқандай тергеу жүргізілмеді. Шынымды айтсам, мен оны оқығанда біраз шошып кеттім» деді Ермек Мәжитов телефон арқылы сөйлескенде.
Қор директоры РОП Операторында орындаушы болғанын, компания иелерімен араласпағанын және бұл іс бойынша тергеу туралы білмейтінін айтты.
Айта кетсек, Ермек Мәжитов Әлия Назарбаеваның қоқыс өңдеу компаниясының бұрынғы басшылығымен бірінші рет кездесіп отырған жоқ. «Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорында» Свитлана Коротенко бұған дейін басқарма төрағасы болған, ол көліктерді қайта өңдеу үшін ірі көлемдегі ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген.
Әлия Назарбаева Қоры: шығыс киносының орнына бастамалар
Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры бастапқыда «Восток кино» жеке қоры деп аталды. Оны 2014 жылдың шілдесінде Әлия Назарбаева құрған. Ол Юрий Орловты директор етіп тағайындады. Елбасының кенже қызы ұрпақтарын шыңдауға бел буып, шетелден жалдамалы жұмыс күшін тартқан көрінеді.
Қордың басқарма төрағасы болып Украина азаматы Свитлана Коротенко атанды, оның есімі барлық ресми құжаттарда осылай аталады. Ол «Восток киноны» бар болғаны бір жыл «басқарды». 2015 жылдың қазан айында Свитлана Коротенко мен Әлия Назарбаеваның келісімшарты бұзылды. Бірақ олардың ынтымақтастығы мұнымен тоқтап қалмады. Алты айдан кейін Свитлана Әлия Назарбаеваның ең атақты туындысы – «РОП Оператор» кәдеге жаратуға болатын барлық заттарды кәдеге жарату жөніндегі компанияда директорлық креслоға отырды.
Ермек Мәжитов 2019 жылдың қыркүйегінде директор қызметін Мұрат Исахановтың орнына келіп, алмастырды.

Қор соңғы бірнеше жылда біршама жақсы жұмыс істеп келеді. Өткен жылдың өзінде ұйым мемлекет қазынасын 10 млн теңгеге толықтырған. Барлығы 2015 жылдан бері 43,7 млн салық төленген.

Әлия Назарбаеваның өзі айтқандай, ол «Үздіксіз экологиялық, гуманистік білім мен тәрбие берудің біртұтас жүйесін дамыту» Қорын құрды. Халықаралық және қазақстандық сарапшылар жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту үшін ұстаздар мен ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізді.
Осындай ауқымды жұмыстан кейін Әлия Назарбаеваның ұйымы Жаһандық мұғалімдер сыйлығының ресми өкілі атанды. Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Әлем мұғалімі» халықаралық байқауын өткізуге бастамашы болды. Әлия Назарбаева 4 млн теңге сыйақы тағайындады. Ол Қазақстанның үздік мұғалімдеріне беріледі. Байқау аясында қазақ мұғалімдері тіпті 1 млн долларға таласқа түсті.
Сыйлықтың бас серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.


Ермек Мәжитов туралы не белгілі?
Ермек Мәжитов Әлия Назарбаеваның басқа компаниясы – «Эко Ұмай» компаниясында директор болып тіркелген, сонымен қатар онымен бірге тұтас бір корпорация – «Ұмай» холдингіне иелік етеді.
Эко Ұмай баспа ісімен айналысады. Серіктестік Нұр-Сұлтан қаласы Әлихан Бөкейхан көшесі 27 үйде.

Аталған мекенжайда Ұмай холдингіде орналасқан. ЖШС-ны бұған дейін Әлия Назарбаева атындағы Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының директоры болған Мұрат Исаханов басқарды. Холдинг қожайындары ретінде дәл осы адамдар – Елбасының қыздарының кенжесі Әлия Назарбаева мен Ермек Мәжитов көрінеді.

«Ұмай» холдингі өзінің негізгі қызметі – «коммерциялық қызмет және менеджмент бойынша кеңес беру» қызметімен қатар Әлия Назарбаева бастамашы болған «Әлем мұғалімі» сыйлығының финалистерін де марапаттағанын айта кеткен жөн. Ынталандыру сыйлықтары Ұлттық Банктің теңге сарайы шығарған ең жоғары стандартты алтын құймалар болып табылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық