Әлихан Бөкейхан ешқашан ораза ұстамаған – белгілі ғалым
Әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист Сұлтан Хан Аққұлы Алаш партиясының басшысы Әлихан Бөкейхан ешқандай ораза ұстамады деп есептейді.
Бұл туралы ғалым Abai.kz сайтында жарияланған мақаласында жазд�
Әлеуметтік желілерде қайта-қайта жарияланып жүрген бір жазбада Әлихан Бөкейхан өз інісі, жан досы әрі адал үзеңгілесі Ахмет Байтұрсынұлына түрмеден жолдаған бір хатында: «Мен ораза ұстадым, бүгін ауызымды қара сумен аштым» деп жазыпты-мыс.
Бұл Ұлт көсеміне жабылған жала, санаға қонбайтын қиял, барып тұрған өтірік! Бұл жазбаның жұмбақ, инкогнито-авторы «буржуазиялық ұлтшыл», «контрреволюционер», «халық жауы», «жапоншыл» («японофил») сияқты жалған, нақақ айыптармен сотталып, атылған Ұлт көсеміне енді «діндар», «ісламшыл», «оразашыл» дегендей нақақ жала жабады. Осыған орай Ұлт көсеміне жала жапқан жұмбақ авторға айтарым: Қазақта «аруақ атады» деген сөз бар. Осы аталы сөзді білмеген автор, Әлихан бабамыздың өз сөзімен айтсам, «Аңқау елді Алаш көсемінің істемеген ісімен, айтпаған сөзімен алдап-арбауды көздеген – арамза молда».
Ал енді Ә.Н. Бөкейханның дінге, оның ішінде исламға деген көзқарасына тоқталайын. Ең алдымен Алаш көсемінің атағы жер жарған арғы бабасы Шыңғыс хан сияқты діни сенім-нанымға төзімділікпен қарағанын ерекше атап өту керек. Оған, біріншіден, өз жары Елена Севастьянова 1921 жылы Семейде мезгілсіз қайтыс болғанда, оны православие шіркеуінің рәсімімен жерлегені дәлел. Екіншіден, Л.Н. Толстойдың әлемдік діндер туралы «Суратская кафейня» атты шағын әңгімесін қазақшалап, 1900 жылы «Дала уалаяты» газетінде «Сурат кафеханасы», 1913 жылы «Қазақ» газетінде «Дін даласы» деген атаумен жариялады. Сол аудармадан Әлиханның дін атаулыны бір-бірінен не жоғары, не төмен қоймай, діни сенім-наным әртүрлі болғанымен, құдай бір деген көзқарасын айқын аңғартады.
Ал «Қара қыпшақ Қобыланды» эпосындағы әйел бейнесі туралы 1899 жылы «Туркестанские ведомости» газетінің үш санына шыққан «Женщина в киргизской былине» атты фольклорлық зерттеуінде арғы бабасы Шыңғыс ханның табынған тәңіршілдікке деген жылы көзқарасын, керісінше әйел құқын елемейтін исламға деген сыни көзқарасын байқатады. 1913-1918 жылдары Орынборда үзілмей шығып тұрған тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетінде оның авторларының бір біріне «Алла жарылқасын!» емес, «Тәңір жарылқасын!» айтатындарын ескерсек, бір Әлихан емес, жалпы Алаш жетекшілерінің тәңіршілдікке жылы қарағанын байқамау мүмкін емес.
Ал енді тоқсан сөздің тобықтай түйінін атсам, 1917 жылы Алаш ұлттық республикасын жариялаудың қарсаңында Ә.Н. Бөкейханның «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» атты мақаласындағы мына жолдарға назар аударайық: «Франсұз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді – молла үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді, рухани іс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Орысша оны «отделение церкви от государства» дейді».
Міне, осы мақаладан соң Алаш Республикасы құрылып, оның жоғарғы атқарушы билігі – Алаш Орда үкіметінің мүшелері (халық комиссарлары) сайланғанда, 15 қазақ мүшесінің ішінде бірде-бір дін өкілі болмағанын ұмытпайық. Ашығын айтқанда – Алаш елі қазіргі қазақ жерінде дүниеге келген ең алғашқы зайырлы мемлекет болатын.
Осындай тарихи фактылардан кейін Әлиханды «түрмеде ораза ұстап, қара сумен ауыз бекітіпті» деу барып тұрған дақпырт, қума қиял, шылғи өтірік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық