Әлихан Бәйменов Назарбаевқа: Алладан кешірім сұра!
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының бұрынғы мүшесі, «Ақ жол» партиясының құрылтайшысы Әлихан Бәйменов тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы өз пікірін білді.
Әлихан Бәйменов «Qasqa Jol» YouTube арнасына берген сұхбатында Назарбаевтың тарихта кім болып қалатыны туралы айтты.
– Мен ол кісінің басқару тәсілдері және мемлекетке сіңірген еңбегін айтсам, 1991-1995 жылдар аралығындағы оның көшбасшылығы өте маңызды болды. 1995 жылдан бастап, тежегіш күші болмай, пенделікке бой алдыра бастады. Өзін-өзі тежей алмағаны, кейбін пенделік қызықтары ол кісінің бұрынғы енбектерінің біразын шайып кетті, – деді саясаткер.
Сонымен қатар, оның Елбасыға қандай тілек айтатыны туралы да сөз қозғалды.
– Алла берген өмірінде бейбіт, тыныш өмір сүріп, осы өмірде жасаған кемшіліктері мен қателіктері болса, сол үшін Алладан кешірім сұрап, қарапайым адам ретіндегі өмірін сүре берсін! Әр жастың өзіне тән қызығы болады... Бақыты болады... Соларды көрсін!, – деп түйіндеді саясаткер.
Әлихан Бәйменов – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының бұрынғы мүшесі, Болат Әбілов, Ораз Жандосов пен бірге «Ақ жол» партиясын құрды. 2005 жылдың басында Алтынбек Сәрсенбаев «Ақ жол» партиясына мүше болды. Осылай, партияның бес тең төрағасы болды: Әбілов, Жандосов, Сәрсенбаев, Бәйменов және Жоланов.
Үш жылдан кейін партия екіге бөлінді – «Нағыз Ақ жол» және «Ақ жол».
2004 жылдың қыркүйегінде Бәйменов парламенттік сайлауда «Ақ жол» партиясының тізімін басқарды. Бұл тізімге сәйкес, партия сол кездегі іс жүзінде барлық сарапшылар мәлімдегендей, шамамен 30% дауыс жинады, ресми түрде оларға 12% дауыс берілді. Бәйменов наразылық ретінде депутаттық мандаттан бас тартты.
2005 жылы президенттік сайлауға қатысты. Сайлауда 1,61% дауыс жинады. 2006 жылы мәжіліс депутаты болды. 2011 жылы ол «Ақ жол» партиясының төраға лауазымын Азат Перуашевқа берді.
2011 жылдың шілдесінде мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы болып тағайындалды.
2014 жылдың қыркүйегінде Әлихан Бәйменов облыстық халыққа қызмет көрсету хабының басқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Хаб – Мемлекеттік қызмет агенттігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы бірлесіп жасаған жоба. Мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз білім мен тәжірибе алмасу мақсатында жоба құру туралы келісімге 2012 жылдың желтоқсан айында қол жеткізілген болатын.
Марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың айтуынша, Әлихан Бәйменов ҚДТ қатарындағы президент Назарбаевтың «көзі» болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық