Лифт ішінде баланың бетін пышақтаған жасөспірімді санитарлар ұрған
Фото: бейнеден кадр
Әлеуметтік желілерде лифт ішінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімді Астана қаласындағы психоневрологиялық диспансерде санитарлар екі рет соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Науқастың айтуынша, оны басы мен қолынан кітаппен ұрғандықтан ісіктің іздері бар.
Бұл мәселеге қатысты Астана қаласындағы ерекше балалардың ата-аналары одағының жетекшісі Гүлсан Маужина мәлімдеме жасады.
«Біз сот-медициналық сараптама жүргізуді талап етеміз — полицияға қоңырау шалдық, учаскелік инспектор келді, бірақ мұндай жағдайларда нақты әрекет алгоритмі жоқ», — деді ол.
Сондай-ақ, қоғам белсендісі 14 жастағы жасөспірімнің балалар бөлімінде емес, ересектер бөлімінде жатқанын атап өтті.
Біз бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін елордалық полиция департаментіне жүгіндік.
«Кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, оның нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады. Өтініш Алматы ауданының полиция басқармасында тіркелді», деп хабарлады ведомство.
Кейінірек бұл жағдайға қатысты пікірді денсаулық сақтау министрлігі де білдірді. Ведомствоның мәліметінше, жасөспірімді анасының өтініші бойынша полиция қызметкері, кезекші дәрігер және медбикенің қатысуымен тексерген.
«Анасының келісімімен және оның қатысуымен науқастың денесінің фотофиксациясы жүргізілді. Дене тексерісі кезінде тері таза, бүтіндігі бұзылмаған, пациент көрсеткен жерлерде гематома мен ісік анықталған жоқ. Полиция қызметкерлері мен медицина мамандары пациенттің анасын әңгімеге шақырып, жағдайды түсіндіріп, дене жарақаттарының жоқ екенін хабарлады», — деп нақтылады Астана қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Алмагүл Айтжанова.
Сот-медициналық сараптама жоспарланған, оның нәтижелері қосымша хабарланатын болады.
Еске салайық, жасөспірім Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, мессенджерлер арқылы тарады. Кейін оның психоневрологиялық диспансерде шизофрения диагнозымен есепте тұрғаны анықталды. Одан кейін жасөспірім оқшауланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық