Әлі төрт қырғызстандық Алматыда қамауда отыр - Кәрім Ханжеза
Төрт қырғызстандық әлі Алматыда қамауда. Бұл туралы бүгін, 12 қаңтарда Жогорку Кенеш отырысында депутат Кәрім Ханжеза мәлімдеді.
Kaktus Media басылымының хабарлауынша, Кәрім Ханжеза Закир Юбуров, Адан Хуров, Абду Рахим Джишанло және Ильяс Мачо қамаудан әлі босатылмағанын айтқан. Айта кетсек, олардың босатылатыны туралы бір-екі күн бұрын хабарланған.
«Мен жаңа ғана Бас консул Ариповпен сөйлестім. Ол олардың әлі қамауда екенін айтты. Бірақ нақты неге екенін түсіндіре алмады» деді Ханжеза.
Ол мемлекеттік органдардан шара қолданып, жігіттерді Қырғызстанға әкелуді сұрады.
Еске салсақ, бұған дейін қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов өз еліне қайтарылған. Ол төңкеріс кезінде бүлікке қатысты деген күдікке ілініп, қамауға алынған. Сондай-ақ, ол бұған дейін Қазақстанға тапсырыс бойынша келгенін мәлімдеген.
Артынша өз сөзінен айнып қалған. Қазіргі таңда ол еліне оралды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық