Әли Оқапов жақында анасы жайлы фильм түсіретінін айтты
Скриншот
Әли Оқапов жақында анасы әнші Роза Рымбаева жайлы биографиялық фильм түсіретінін хабарлады. Қазіргі таңда фильмнің сценарийі дайын, деп Әли Оқапов НТК арнасының OZMZ ҒОЙ атты жаңа бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Сценарийді бірге жазып жатырмыз. Кәсіби сценаристер де бар. Ол – Ефрат Шәріпов. Ол кісінің еңбегін «Дос-Мұқасан» фильмінен көре аласыздар. Жақында шығады. Ал режиссері Айдын Сахаман» деді Әли Оқапов.
Оның айтуынша, фильм драма жанрында болады.
«Базардағы сатушылар аяқ астынан билеп кетпейді. Барлығы өз орнында болады. Біз үшін бірінші орында Роза Қуанышқызының өмірі. Әрине, музыкасыз елестету мүмкін емес. Бірақ өмірі бірінші орында болады» дейді Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли.
Ол қазіргі таңда осындай фильмдер түсіру маңызды екенін алға тартты.
«Себебі бүкіл өмірінің нақтысын айта алатын адам жанымызда. Екіншіден, дауыс керек. Өйткені Роза Рымбаеваның даусын Роза Рымбаевадан артық ешкім сала алмайды деп ойлаймын.
Әйелдер жайлы кино аз ғой. Неге түсірмеске? Өкінішке қарай, «Томиристен» басқа басты кейіпкер әйел болатын кино жоқтың қасы» дейді Оқапов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық