«Үлгілі қыз болатын». Шымкентте 5 қабаттан құлап кеткен қыз қайтыс болды
Шымкентте бір күн бұрын 5-қабаттың терезесінен құлап кеткен 16 жастағы қыз көз жұмды.
Отырар басылымының хабарлауынша, көршілері жасөспірімнің «үлгілі, иманды» қыз болғанын айтқан.
Бір күн бұрын Шымкентте 16 жастағы қыз 5 қабаттың терезесінен құлап кеткен. Дәрігерлер зардап шегушіні өте ауыр жағдайда ауруханаға жатқызды. Бірақ жасөспірімді құтқара алмады, ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
«Әлі де есімізді жимадық. Өзімізге келе алмай жатырмыз. Қатты уайымдадық. Мен бұл отбасын жеке танимын. Ата-анасының өзі өте білімді, ішпейді, темекі шекпейді. Көпбалалы отбасы. Марқұм қыз намаз оқып, хиджаб киетін» дейді көршісі.
Дәрігерлердің айтуынша, қыз ауруханаға түскеннен кейін комаға түскен, көптеген жарақаттар алған. Үлкен биіктіктен құлаған қыз 12 сағаттан соң көз жұмған.
«21 желтоқсан күні сағат 11:15-те 2005 жылы туған науқас қайтыс болды. Оған бас миының ашық жарақаты, ауыр бас миының контузиясы, бассүйек ішілік гематома, бас миының ісінуі, жабық ығысқан жамбас сүйегінің сынуы, құрсақ қуысының доғал жарақаты және ауыр травматикалық шок диагнозы қойылды» деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахипова.
Полиция департаменті оқиға туралы нақты ақпарат бермеді. Олар өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын ғана атап өтті.
«Оқиға Қаратау аудандық полициясына ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді» деді полиция департаментінде.
Еске салсақ, Шымкентте 16 жастағы қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен болатын. Оқиға 20 желтоқсанда «Асар-2» шағын ауданында болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық