Өлгеннің артынан өлмек жоқ: ал бізде бар!
Осы жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қаза тапқан қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өлімі көпшілікке жұмбақ күйде қалған. Кіші Ағаділдің өлімі белсенділерді тыныш қалдырмаған. Мәселенің ақ - қарасын ажыратқысы келген қоғам белсенділер жоғары биліктен өлімнің ашық тергеуін талап еткен.
Ақмоланың Талапкер ауылында, Жанболатты жерлеу рәсімі өтіп жатқанда, белсенділер Алматының Шоқан Уәлиханов атындағы алаңына келіп, әкелі-балалы Ағаділдердің өліміне билікті кінәлады. Елде белсенділерді қудалау әлі де барын көпшілігі ашық айтты.
«Шараның заңсыз» екенін алға тартқан Қоғамдық даму басқармасының өкілі Айдар Есенбеков пен қала прокуратурасының өкілі Жандарбек Сұлтанбековқа шара ұйымдастырушылары:
«Бұл митинг емес, қаралы жиын» – деп жауап беріп, тараудан бас тартқан.
Естеріңізде болса кеше ішкі істер министрлігі "Адам өлтіру" және "Бұзақылық" бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің нәтижесінде, адам өлтіруге қатысы бар күдіктілер ұсталғанын хабарлаған.
Жанболат Ағаділ үш жерден - шынтақ тұсы, қабырғасы және жүрегінен пышақ жарақатын алып, мерт болған. Ал төбелестің неден шыққаны әлі анықталмады.
ІІМ-нің "Дулат Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды" деген мәлімдемесіне марқұмның туыстары күдік келтіріп, ашық тергеуді талап еткен. Прокуратура үлкен Ағаділдің өлімінен кейін ашылған қылмыстық істі жапқан.
Ал Жанболат Ағаділдің өлімі ше? Оған қозғалған қылмыстық іс те жабық күйі қала ма?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық