Әлеуметтік желідегі кибербуллинг: қылмыс па, жаза ма?
Соңғы аптада facebook желісінің қазақ аудиториясы «кибербуллинг» терминімен жиі ұшырасып жатыр. Оған себеп болған жағдай да сол желі ішінде талқылануда. Жалпы кибербуллинг деген не және оның қазақ facebook желісіндегі көрінісі қандай?
Осы және өзге де өзекті сұрақтарға Orda.kz редакциясы жауап іздеді.
Кибербуллинг - технологиялық құрылғылар арқылы адамды қорлау немесе қудалау.
Осы материалды жазу барысында қолданылған ақпараттар мен деректер facebook желісінен алынды. Кибербуллинг сөзінің мағынасына тереңнен үңілу үшін жақында қайтыс болған жазушы Аягүл Мантай өлімі туралы айтуымызға тура келеді.
Орны толмас қайғы
29 шілде күні жазушы Аягүл Мантай бақилық болды. Суицид салдарынан қайтыс болды делінгеннен кейін, араға бір күн салып, Түркістанда ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу амалдары басталды.
Жас жазушы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылының тумасы. 2009 жылы «Жаңбырлы көктем» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
Аягүл Мантайдың мінезін және жете алмай кеткен жетістіктерін айтқан жақындары көп. Сонымен қатар, олардың арасында жазушының парақшасын сырттай оқып, өмірде көрмесе де көңіл айту жазбаларын қалдырғандар бар.
Аягүлді өлімге итермелеген кім?
Желі қолданушылары жазушының өзіне қол салғанын естігеннен кейін, оны өлімге кім итермелегенін іздей бастады. Бірі оның жұмыссыз және соңғы күндері депрессияда жүргенін айтса, енді басқалары оның сөз көтере алмайтыны туралы жазды. Бірақ, бір сәтте желіде «Аягүл Мантайдың өліміне шымкенттік журналист Сәуле Әбілдаханқызының қатысы бар» деген ақпараттар тарай бастады.
Желі қолданушылары осы тұста үшке бөлінді. Бірі өлімге кінәлі Сәуле Әбілдаханқызы деді, енді бірі Аягүл Мантай өлімі туралы сөз қозғамай-ақ қойсақ деді, ал енді келесі бір топ Сәуле Әбілдаханқызының кінәсіз екенін айтып жатыр.
Мәселе мұнымен тоқтамады, артынша «қазақтың Ақжүнісі» Сәуле Әбілдаханқызының жанында жүрген журналист Мәди Манатбек туралы әңгімелер шықты. Жазғыштар айтуынша, ол белгісіз бір «скриншот суреттерді» белгісіз адамдарға жіберген көрінеді. Қысқасы былай дейді жұрт:
Аягүл Мантай досы журналист Мәди Манатбек есімді жігітпен желіде хат алмасқан. Осы тұста бойжеткен оған Сәуле Әбілдаханқызы туралы өзінің теріс пікірімен бөліскен. «Мәди хатты Сәуле ханымға жіберген»
Айта кетсек, журналист Мәди Манатбектің Facebook әлеуметтік желісінде парақшасы жоқ. Жігітті өмірде танитын жандар оның ондай қадамға бармайтынын айтуда, ал Мәди ешқандай ресми хабарлама жасамады.
Өз кезегінде қазақтың намысшыл қызы Сәуле Әбілдаханқызы 50 мыңдық аудиториясына осындай оқиғаға тап болғанымен бөлісіп, Аягүлді қоғамдық талқыға астарлап салған.

Ескерту: Шекербектің банясы дегенде Сәуле Әбілдаханқызы қара тізімді меңзеген.


Алайда, жазушы өзін бірден танып, жауап ретінде жазба жариялаған.
Аягүлдің ақырғы сөзі
«Азаттық рухы»-ның тілшілері марқұмның бұрынғы қорғаушысы (адвокаты) Ләззат Ахатовадан Аягүлдің Сәуле Әбілдаханқызына арнап жазған жазбасын алған.
– Егер жеке басыма әлеуметтік желіде ашық не астарлап тиіссеңіз, сотта кездесеміз. Әлеуметтік желіде мені «қаншық, ібіліс» деп жазатындай, елге масқаралайтындай сізге кім құқық берді, апай? Әлеуметтік желіде бүкіл жұрттың көзінше жеке басыма тіл тигізгеніңіз үшін сізді халықаралық сотқа беруіме болады. Сосын әлеуметтік желіде мені «өтірікші», «суайт» деп айыптауға сізге кім құқық берді? Айтқыңыз келе ме, жекемде айтыңыз. Өтінем, апай, осы постпен бір-біріміздің жанымызды жараламай, тоқтайық. Сұлу адамға қашан да биіктік тән. Бәлкім, мен биік бола алмаған шығармын, сіз биік қалпыңызда қалыңызшы, - деген Аягүл Мантай өзінің ақырғы жазбасында. Кейін ол өшірілген.
Сәуле Әбілдаханқызы осы жерден қоймай артынан екі жазба жазған.
Араздыққа небір Facebook белсенділері тоқтау айтып, екі жақты бітімгершілікке шақырған.

Дауды тұншықтыруға адвокат Ләззат Ахатова да тырысқан. Ол «қыздар, қанша ашулансаңдар да, қанша ренжісеңдер де, желідегі халықты сыйлаңдар» деп басу айтқан.

Бәлелі жерге бармақ сұқпа!
Адвокаттың айтуынша, ол өз еркімен Аягүлдің ісіне кіріспеген, жақындары одан көмек сұраған.
Марқұм ақырғы күнінен бір күн бұрын Ләззат ханымнан өзі туралы жазбаны алып тастауды өтінген. Адвокат өз жазбасында біреуге шабуыл жасайтындай ештеңе айтылмағанын жазды.



Сәуле ханым бастаған белсенділер Ләззат ханымды Аягүлдің ісін қолға алып, хайп қуды деп сөге бастады. Сонда Ләззат Ахатова Аягүлдің сіңілісі көмек сұрап хабарласқанын айтқан.
Бірақ марқұмның құрбысы Бану Оңдасынова ешкімге бармағандарын айтқан.
– Аягүлдің жетпіске таяған анасы қасымда отыр, бәріңізге үлкен өтініш айтуда: «Қызымның әруағына тыныштық беріңдер! Дау, ұрыс шығармаңдар. Сотқа береміз бе, бермейміз бе, кімді кінәлаймыз, өзіміз шешеміз».
Біз ешбір заңгердің көмегіне жүгінген жоқпыз. Ешкім арыз жазған жоқ.
Кеңес беріп, пост жазбай, қазірше тыныштық беріңіздер.
Аягүлдің анасының өтінішін орындап, Аягүлдің өмірін, істің мән-жайын білмейтін ақылгөйлер, артық сөз жазбаңыздар, - деді Бану өзінің жазбасында.
Ләззат ханым неге туыстары айтқандарынан айнып, артқа шегінгендерін түсінбеді.
– Не марқұмның туыстарына кінәлі тараптан қысым болған, немесе... басқа жолмен ымыраға келген. Басқа вариант көріп тұрғам жоқ, - деген болжаммен бөлісті ол.
Неге Аягүлдің туыстары әділдік соңын қуудан бас тартты?
Хамида Айтқалиева бірден Аягүлдің туыстарының алдында еш міндеті жоқ екенін және әділдік үшін күресетінін айтты.
Жоғарыда адвокат Ләззат Ахатова келтірген болжам бойынша, марқұмның туыстарымен ымыраға келген кім және неге барлығы істі басуға тырысып жатыр деген сұрақ туындайды.
Оған Facebook белсендісі Айжан Хамит былай деп өзінің жазбасында жауап берді.
– Олар өз -өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі бәсеңдетуге тырысуда. Неге екенін айтайын. Өйткені күдікті - Исматулла Максим діни секта мүшесі, ол қазір түрмеде (мұнда оны босатқан дейді).
Бұл араб миссионерлерінің діни үгіт-насихатына ұшыраған исламшылдарға қазақ исламын жақтайтын және өзін қарсы қоятын бірлестік, - деді Айжан.
Не де болса, марқұмның жақындарын жұртшылық бірден қолдап, Аягүлдің өлімін ұмытып, оның өшпес шығармаларымен бөлісетін флешмоб бастап кетті.
Әділдік орнасын!
Ал белсенді Ғабиден Жәкей істің ақ-қарасын ашуға бар күшін салып, тіпті Тәуелсіз қоғамдық бақылау комиссиясын құрған. Оның құрамына:
- Айгүл Омарова, журналист
- Раушан Қалмомынұлы, қоғам белсендісі
- Мадина Мергенбаева, заңгер
- Ғабиден Жәкей, Ұлы дала саяси ұйымының төрағасы
- Талғат Тұрсынғалиұлы Қатауов, Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы
- Нышанбек Құрсақбайұлы Сүйіншібай, ауған соғысының ардагері
- Тоқтар Жақаш, журналист
- Тұрарбек Құсайынов, «Демос» қоғамдық қорының төрағасы
- Серік Жаңақабайұлы, журналист кірген.
Сонымен Аягүл Мантайдың өліміне Сәуленің қатысы қанша?
Facebook қолданушысы Ася Асеткина Аягүлдің өліміне «қазақтың Ақжүнісі» Сәуле Әбілдаханқызын кінәлайды.
– Аягүл «сұлу да батыр сәуле апайы» секілді тілі абжыланның зәрлі уытындай ащы тілді қатыгездерді (жылан екеш жылан да, бірін-бірі шақпайды ғой!) жазалау үшін өз өмірін қиды, - деді Ася Асеткина.
Асеткина «Аягүл Сәуле Әбілдаханқызының бірінші құрбаны емес» деген ойда.
– «Сәуле апай сіз кісі өлтірушісіз!»- дедің. Мұның да рас, шындық. Шындық екені сол бүгін сен жоқсың...
Олар құрал деген досымен бірігіп қайта-қайта барып, марқұм Батырғалиды, өзі ауру адамды аяған боп, сөзін сөйлеуші боп өстіп өлтірген, өзі еміне ақша таппай жатқан байғұсты алдап сити смарт деген сетевойларына 300 000-н қағып кетіп, күйдірген.
Келесісі кім болады екен? - деп жазды журналист Асеткина.
(Желідегі жазба өзгеріссіз алынды-ред.)
Келесі құрбан кім?
Ең қызығы, «қазақтың Ақжүнісі» Сәуле ханымды Facebook-тің белсендісі Тоқтар Жақаш та кінәлі деп санайды. Ол Сәуле ханым мен Айгүл Орынбектің жақында «боқтампаз завучтың» артына түсіп, қоғам алдында масқаралағанын еске алды.
– Жақында ғана Сәуле мен Айгүл бірігіп, Бадамдағы боқтампаз завуч Ұлжан Елмұратованы қандай қылды? Завуч боқтады екен, оның видеосын әлеуметтік желіге бір рет сал. Тиісті орындар жазасын береді. Ал қыр соңына шам ала түсіп, күйеуімен ажырасуға дейін жеткізуге не себеп? - деді Тоқтар Жақаш.
Жақаштың айтуынша, оның Бадамда сынып жетекшісі - Зейнеш Сабекова деген ұстазы тұрады. Осы Завуч оқиғасы кең талқыға түскенде Тоқтар Жақаш Зейнеш Сабековаға хабарласып, мән-жайды сұраған. Ол кісі не болып кеткенін түсінбей, Ұлжан туралы бір ауыз жаман сөз айтпаған. Тек «қызба мінезі бар, бірақ оқу ісі мен тірлігі тап-тұйнақтай» деп айтқан. Кейін Жақаш басы дауға қалған завучтың өзіне хабарласқан.
Айта кетсек, Ұлжан Елмұратова желідегі сынды көтере алмай, тапшанда асылып өлмекші болған. Оны бұл қадамға Сәуле Әбілдаханқызының жазбалары итерген. Алайда, кейіндері «завуч ауруханада орын сатып алып, тек қағаз жүзінде тіркелген, былайынша дін аман» деген сөздер шыққан.
Бейәдеп сөйлейтін завучтың қазіргі күйі
Бірақ Тоқтар Жақаш завуч Ұлжан Елмұратова қазір ем алып жүргенін айтты.
– Ұлжанмен телефон арқылы сөйлестім. Алматы мен Астана қалаларына барып, емделіп жүр екен. Адам асылғанда миға оттегі жетпей, ми ісініп кетеді ғой. Ұлжанның миында екі жерде ісік пайда болыпты.
«Ең алғаш рет ол видеоны Сәуле жариялады. Сол-сол-ақ екен, оған Айгүл Орынбек қосылды. Маған жаппаған жаласы қалмады. Барлық мәселе бойынша полицияға арыз жаздым. Тіпті, Сәуле телефоныма қайта-қайта звондап, «мен сені жүргізбеймін, сен Құдайсың ба? Сені құртам!» деп қоқан-лоққы жасаумен болды. Халық алдында кешірім сұрасам да, Айгүл Орынбек қыр соңыма түсті. Амал жоқ, бүкіл елге қарабет болғанша асылып өлгім келді» деп, көз жасын тия алмайды. Осы оқиғадан кейін ата-енесі Ұлжанның бетін көрместей болып, күйеуімен ажырасып кетіпті. Қазір үш баласымен Шымкентте пәтер жалдап тұрып жатқан жайы бар, - деп Тоқтар Жақаш кибербуллинг құрбаны болған завучтың жағдайын еске алды.
Аягүл жаны мен психологиясы өте нәзік қыз еді. Сәуленің ауыр сөздерін көтере алмады.
Журналист Тоқтар Жақаш
Сәуле Әбілдаханқызының өзі қазіргі таңда кибербуллингтің құрбаны емес пе?
Аягүл Мантайдың жақындары көңіл айту жазбаларында Сәуле Әбілдаханқызын еске алып, кибербуллингтің ендігі құрбанына өзін айналдырған.

Сәуленің жауабы қандай?
Бірақ бұл жағдайда құрбан өзіне тап бергендерге жауап беріп жүр.
– Сендер оны жақсы көретіндерің рас болса, жанашыр екендерің рас болса, оның қазасын біреуге тас атуға, өздеріңе ұпай жинауға пайдаланбай, әруағын сыйлаңдар!
Тым болмаса, жамбасы жерге тигенін, құран оқытуға болатын сәтін күтіңдер! Топырағы суығанын күтіңдер! «Періште» десеңдер, оны періште күйінде жіберіңдер!
Ал мен тірімін. «Мен адам қапқан құтырған көк ит болсам, сендер көп итсіңдер. Таларсыңдар да жерсіңдер!!!» Талап жеп үлгересіңдер. Қорықпаңдар. Мені талап жеп бағаларыңды да арттыруға уақыт мол, - деді Сәуле Әбілдаханқызы.
Кибершабуылдан кейін жазба жариялаған журналист Сәуле Әбілдаханқызы оқиғаға Мәди Манатбек, Абзал Құспан, Шыңғыс Мұқан секілді аты аталған азаматтардың еш қатысы жоқтығын және тергеу құпиясын сақтау мақсатында мәліметтерді жарияламайтынын айтты. Журналист жазбасында өзінің жазушы өлімінен кейінгі халін де айтып кеткен.
– Бұл ситуацияда марқұмның, тым болмаса, жетісі өтсін, тергеу аяқталсын деп, тісімді тісіме қойып әрең шыдап жүрмін... Мен оны жақсы көрдім, туған сіңлімдей қарадым... Көзімнен жас шықпай қалды...Төрт күннен бері ұйқы да жоқ...Щитовидка қалай қылқындыратынын білетін адамдар түсінеді...
Кинотанушы Дана Әмірбекова кінәліні іздеушілерге:
– Иә, шөлмек бір күнде сынады, алайда, ол сынардың алдында қиындыққа мың күн төзіп келгені жайлы ешкім ойланбайды. Аягүл Мантайдың мезгілсіз өліміне бір адам ғана жауапты емес. Сол «кінәлі» деп танылған кісіге жабыла кеп саусақтарын шошайтып, жамырай айыптап отырған екіжүзді қоғам кінәлі, - деген.
Қазақ Facebook-індегі «былық»
Бұл Facebook-тің қазақ аудиториясына кибербуллинг көрініс тапқан бірінші жағдай емес.
Көпшілік Серік Абас-шах, Ая Өміртай, Дина Елгезек, Тоқтар Жақаш пен Мұхамеджан Тазабек, Бекболат Тілеухан арасындағы, Сәкен Майғазиев пен Аружан Дүйсебаева арасындағы жанжал желіде талқыланып жатады. Оған жұрт куәгер.

Қазақстан Интернет Ассоциациясының президенті Шавкат Сабировтың айтуынша, зардап шегушілер әдетте үндемейді, себебі жария болғанын қаламайды.
– Кибербуллинг фактілері қорлаудан немесе қорқытудан басталады, сосын ол бопсалауға айналады, арты өзін-өзі өлтіруге әкеледі. Барлық дерлік зардап шегушілер жағдайды жария етуден сақтанып, құқық қорғау органдарына жүгінгісі келмейді. Кибербуллингтің 80 пайыз құрбаны – қыздар, - деді Шавкат Сабиров.
Тұспалдау көмектеспейді
Ал психолог Ержан Мыразабаев кибербуллинг дегенге төмендегідей анықтама берді.
Кибербуллинг дегеніміз интернет ортадағы әлеуметтік желіде,WhatsApp мессенджерлерде бір топ кісінің бір кісіге шабуыл жасауы, оның арына, намысына тиетін фото/видео жариялауы, оның көңіліне тиетін, оған ұнамайтын сөздер айтуы, фотошоп арқылы оның суретін бұрмалап, көпшілікке, жұртқа күлкі қылуы.
– Егер айтылған нәрсе, мейлі ол жасырын, тұспалдап айтылсын жәбірленушіге, куәгерлерге түсінікті болса, онда ол кибербуллингке жатады.
Кибербуллинг көбіне жасөспірімдер арасында орын алатын құбылыс, ересектер арасында өте аз кездеседі.
Бастапқыда жасөспірімдер арасында кибербуллинг көбіне күлкі үшін, ойын арқылы басталады. Одан кейін кек алу, қысым көрсету арқылы ішкі агрессияны шығару сияқты көріністе болады, - деді Ержан Мырзабаев.
Психолог «кибербуллинг адамды қол жұмсауға итермелеген жалғыз фактор» дегенмен келіспейді.
– Әр адамның психотипі мен психикалық жағдайы әр түрлі болады. Біреулері буллингке мән бермей, оған төтеп бере алуы мүмкін. Ал енді біреуі барлығын жүрегіне, көңіліне өте жақын қабылдап, оған қарсы тұра алмауы мүмкін.
Кибербуллингтің ғана кесірінен адам мұндай қадамға бармайды, оның ықтималдығы төмен. Мүмкін сол сәтте сол туған өңірінде кризистік жағдай орын алып, басқа да жағымсыз факторлар жиналып қалған болса, кибербуллинг тек соңғы тамшы болып, барлығының нүктесін қоя алады.
Көбіне кибербуллинг жасөспірімдер арасында болады дейміз, бірақ егер ол ересек адамдарда кездесетін болса, ол жерде жеке тұлғаның психикалық тұрақтылығына назар аудару керек. Сөздің әсерінен өзіме қол жұмсадым, оған шыдай алмадым деу – ол психикалық тұрақсыздықтың белгісі, - дейді Мырзабаев.
Психолог кибербуллингке мән бермей, не болмаса бір топ болып шабуыл жасаса, тиісті органдарға шағым түсіріп өзіңізді қорғап, оған төтеп беруге шақырды.
Буллингтің ерекшелігі – жәбірленушінің ызасын келтіру. Ызаланып, реакция көрсеткен сайын жәбір көрсетуші одан ләззат алады. Ең дұрысы – мән бермеу, назар аудармау.
Кибербуллинг ұзаққа созылатын процесс емес, өйткені интернет ортада жаңалықтар мен құбылыстар тез өзгереді. 2-3 күн өзекті болған нәрселер ұмытылып кетіп, халық назары басқа мәселеге ауады. 2-3 күн, 1-2 аптаға созылған кибербуллингке төтеп бере алмау – ол психикалық тұрақсыздық, осалдық, әлсіздік. Сондықтан, тек қана кибербуллинг ондай жағдайға итермеледі деген дұрыс емес.
Психолог Ержан Мырзабаев
Кибербуллингпен қалай күресеміз?
Депутат Ерлан Саиров бұл мәселені тек әлеуметтік желіде өзін-өзі ұстау этикасы ғана түзей алады.
– Желінің жоғары деңгейдегі мәдениетін қалыптастыру өте маңызды.
Оның басты аспектісі адамның жеке басына қол сұқпау, адамның әр- ожданын ардақтау.
- Сын жеке басқа мінсіз болуы керек.
- Сынның жебесі қоғамдық маңызы зор, халқымыздың рухани әлеміне қатысты терең проблемаларға арналған болуы тиіс.
- Өкіметтің іс- әрекеттерін, мемлекеттің талқылаған кезде жеке басқа тиіспеу аксиома болуы керек.
- Әлеуметтік желі мен адамның жеке өмірі бір- біріне қатысы жоқ, араласпайтын екі әлем.
- Әр адамда жеке өзінің рухани, мәдени, адами цензурасы болуы тиіс.
- Әлеуметтік желі рухани әлемі терең, мәдениеті жоғары, адамгершілік қасиеті мол адамдардың ортасы болуы абзал.
[democracy id="6"]«Әлеуметтік желі Кодексі» өмір қажеттілігі! - деді Саиров.
Мақала тек Facebook әлеуметтік желісінде ұсынылған ақпараттар бойынша жазылған!
Жаңалықтар
- Саясат Нұрбек президентке жаңа Конституцияның білім мен ғылым саласындағы әлеуеті жайында баяндады
- АҚШ Украина ісіне араласпауы керек еді — Трамп
- Қырғызстанда Тәшиевтің жиені тергеу изоляторынан босатылды
- Полиция қызметкеріне қол көтергендер қатаң жазаланады
- ҚМБД даулы жағдайларға қатысты мәлімдеме жасады
- NASA жарты ғасырдан астам уақыттан кейін Айға қайтадан адам аттандырды
- Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты
- Израиль Ирандағы соғыста үнсіз қалды ма? Таяу Шығыстағы жағдайға шолу
- Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тарады: «Басшылар» қызметкерлерін тақырға отырғызады
- Жалған жұмысқа орналастырған: Ақтауда жүкті әйелдердің әлеуметтік төлемін заңсыз өсірген есепші сотталды
- Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Тоқаевтың Таяу Шығыстағы күрделі жағдайда көрсеткен нық әрі дәйекті қолдауына алғыс білдірді
- Қырғызстан аумағына Ресей ұшағынан оқ-дәрілер түскен
- Италия мен Түркия жағалауында 40-тан аса мигрант қаза тапты
- 15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды
- Александр Лукашенко Беларусь «соғысқа дайын» екенін айтты
- Трамп Иранды «тас дәуіріне қайтаратынын» мәлімдеді
- Трамп Иран билігі соғысты тоқтатуды өтінгенін мәлімдеді
- Қате диагноз қойылған ба? Шымкентте қайтыс болған әйелдің туыстары жанайқайын айтты
- Астанада бұрынғы әйелінің қыр соңынан қалмаған сталкер жазаланды
- Алматыдағы Республика алаңы не үшін қоршалғаны белгілі болды