Әлемдегі ешқандай күш мені бұл елден кетуге көндіре алмайды – Ашраф Ғани
DER SPIEGEL
Ауғанстан экс-президенті Ашраф Ғани осы жылдың мамырында шыққан «Der Spiegel» басылымына берген сұхбатында талибандармен күрес туралы бөліскен болатын.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Сұхбат кезінде АҚШ-тың Ауғанстан үкіметінсіз талибандармен келіссөз жүргізгені туралы да ойларымен бөлісті.
- Байден әкімшілігі стратегиялық шешім қабылдады. Олар өз мүдделерін бағалады. Мен бұл шешімді құрметтеймін. Ашудан нәтиже шықпайды. Мен өзім ешқашан АҚШ-тың шығарылуына қарсы болған емеспін. Бірақ, өкінуге де уақыт жұмсамаймын, - деді Ғани.
Әрі қарай, Ғани Талибанға* Пәкістан әсер ететінін, бұл соғыстың Кеңес Одағымен ұқсастығын, тәліптермен бейбітшілік келісімге неге бара алмайтынын, 20 жыл бойы құрылған мемлекеттің жоғалу мүмкіндігін, Ауғанстан тұрғындарының босқын болып кетуі туралы айтты.
Сұхбат соңына қарай, «Der Spiegel» журналисті Ғаниден:
Сіз өз еліңіздің болашағына қаншалықты сенімдісіз? Егер бәрі дұрыс болмай қалса, сіз Кабулдан соңғы ұшақпен ұшуға тура келеді деп қорықпайсыз ба?, - деп сұрады.
Оған Ауғанстанның экс-президенті:
- Мен өлімге дейін бір ғана оқ бар екенін білемін. Менің өміріме көп қастандық жасалды. Мен мұнда төңкеріс нәтижесінде келген жоқпын. Мені халық сайлады. Мені ешқашан американдық күзетші немесе танк қорғаған емес. Президент болғанға дейін мен 28 жыл шетелде тұрып, табысты мансап жасадым. Бірақ мен бақытты емес едім. Әлемдегі ешқандай күш мені ұшаққа отырып, осы елден кетуге көндіре алмады. Мен бұл елді жақсы көремін және оны қорғап өлемін, - деген болатын Ғани.
Естереріңізге сала кетейік, Ашраф Ғани Кабулға «Талибан» қозғалысының енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті. Қазіргі таңда Ауғанстанның экс-президенті отбасымен Біріккен Араб Әмірліктерінде.
Талибан* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірнеше елдерде тыйым салынған террористік ұйым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық