Әлем ядролық соғыстың аз-ақ алдында тұр – Назарбаев
Фото: Ақорда
Астана клубы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пікірталас алаңы халықаралық аренада беделді саясаткерлерді, дипломаттарды және әлемдік деңгейдегі сарапшыларды біріктіретін алаң ретінде бірегей орнын алғанын атап өтті.
– Биыл Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Мен үшін қазіргі қазақ мемлекетінің құрылуы мен қалыптасу үдерісіне жетекшілік ету құрметін халық сеніп тапсырған еліміздің тұңғыш Президенті ретінде бұл – мерейлі кезең. Өздеріңіз білетіндей, тарихи тұрғыдан алғанда қысқа уақыт ішінде Қазақстан өз дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Белсенді, көпвекторлы және бейбітшілік саясатын жүргізе отырып, біз халықаралық кеңістікте лайықты орын алдық, - деді Елбасы.
Elbasy.kz мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде әлемдік сын-қатерлер мен қазіргі заманның жаһандық қауіп-қатерлеріне, соның ішінде коронавирустың таралуына, әлемдік державалар арасындағы қарама-қайшылықтың күшеюіне, Ауғанстан төңірегіндегі жағдайға және ядролық стратегиялық тұрақтылық саласындағы күрделі жағдайға ерекше назар аударды.
– Әлем ядролық соғыстың аз-ақ алдында тұр. Әлемде қазір дағдарыстық жағдай. Бұл Үлкен Еуразиядағы ынтымақтастықтың жаңа тәсілдерін әзірлеуді талап етеді, – деді Назарбаев.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және жақында құрылған Түркі мемлекеттері ұйымы арасындағы тікелей байланыстарды дамытуды ұсынды. Ол үшін төрт жақты «Үлкен Еуразия» экономикалық форумын құру керек деп санайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық