Әлем чемпионатында Қазақстанның бұрынғы әнұраны қосылды
Испанияда өтіп жатқан гандболдан 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан мен Иранның әйелдер құрамалары арасындағы матч алдында күтпеген жағдай орын алды.
Ұйымдастырушылар Қазақстанның қазіргі әнұранының орнына ескі әнұранды қосып қойды.
Sports.kz хабарлағандай, алдымен қазақстандық гандболшылар түсінбей қалғанымен, артынша тез жағдайға бейімделіп, Қазақстанның қазіргі әнұранын ешқандай сүйемелдеусіз, қолдарын сол жақ кеудесіне қойып айтып берді.
Ойынға келер болсақ, Қазақстан құрамасы Иран құрамасын 31:25 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының негізгі кезеңіне шықты.
Бұл Қазақстан әнұранымен болған алғашқы жағдай емес. Мысалы, 2017 жылы Сочидегі спортшы Есет Қуановты марапаттау рәсімінде ескі әнұран қосылған. Жанкүйерлер мен құрама мүшелері қазақстандықты қолдап, әнұранды музыкасыз шырқады.
2014 жылы хоккейден Қазақстан жастар құрамасының Венгриядағы жеңісінен кейін турнир ұйымдастырушылары да Қазақстанның ескі әнұранын қосқан.
2012 жылы Кувейтте өткен спорттық жарыстарда Қазақстан туы көтерілген кезде әнұранның орнына «Борат» фильмінің музыкасы қосылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық