LED-экрандағы Украина туы: Техникалық ақау ма, әлде хакерлік шабуыл ма?
Фото: Orda.kz/ Ольга Ибраева
Владимир Путиннің Астанаға сапары күні LED-экранда Украина туының пайда болуына қатысты полиция тергеу бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
27 қараша күні Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға мемлекеттік сапары барысында әлеуметтік желілерде «Астана Опера» театры жанындағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туының пайда болғаны туралы бейнематериалдар тарады.
Желіде бұл жағдайға хакерлердің экран жүйесін бұзуы себеп болды деген болжамдар айтылған болатын. Алайда, «Керуен Медиа» компаниясының өкілдері Ресей туының Украина туының түстеріне «боялуын» кабельдің қысқа тұйықталуымен түсіндірді.
Ішкі істер министрлігі oқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты.
«Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық мүмкін нұсқалар, соның ішінде техникалық ақаулар мен экранның жұмыс істеу процесіне сыртқы заңсыз араласу ықтималдығы қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды», – деп жауап берді баспасөз қызметі.
Министрлік оқиғаның барлық мән-жайы анықталатынын және кінәлілер табылған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан