Құлдықта болған Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының шағымын Еуропа соты тексереді
Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты Мәскеуде құлдықта болған Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының шағымдарын қарастыратынын мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлайды
Сот бес жәбірленушінің екі шағымын бірге қарамақшы. Алғашқы шағым қазақстандық Фатима, Әлия Мұсабаевалар мен өзбекстандық Гүлжанар Назанова, Бакия Қасымовадан 2016 жылы түскен. Осындай шағым 2018 жылы қазақстандық Несібелі Ибрагимовадан келген.
«Мемориал» құқық қорғау орталығының заңгерлері сотта аталған әйелдердің құқығын қорғайды.
— Еуропаның Адам құқығы жөніндегі соты Ресейге Адам құқықтары жөніндегі Еуропа конвенциясының бұзылуына байланысты сұрақтар жолдайды. Жауапкердің шағым беруші тараппен бейбіт келісім жасауға құқығы бар. Әйтпесе істі қарау басталады,- дейді заңгер Иван Новиков.
Мәскеудің Гольяново ауданындағы Уральская, Парковая және Новосибирская көшелерінде орналасқан азық-түлік дүкендер желісі оларды құлдықта ұстаған.
«Гражданское содействие» қорының мәліметінше кәсіпкерлер мигранттардың құжаттарын тартып алып, оларды тіркеуден бас тартқан. Еңбекақысын төлемей, дүкен аумағынан шығармай қойған.
«Дүкен иелері мен қызметкерлері Қазақстан және Өзбекстан азаматтарын жылдар бойы ақысыз жұмыс істетіп, зорлаған, ұрып-соққан. Құқық қорғау органдары арқылы қудалаймыз деп қоқан-лоқы көрсеткен» деп жазды комитет өкілдері.
Комитеттің айтуынша, Ресей полицейлері мен тергеушілері олардың шағымына байланысты іс қозғаудан бас тартқан.
Жаңалықтар
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық
- Түрмеде отырған Мадуро қатты арықтап кеткен: Трамп Венесуэла мұнайын бөліске салып жатыр