Лауазымынан босатылған Берік Имашев ұшақта мас отырды
25 қаңтар күні президент Тоқаевтың бұйрығымен қызметінен босатылған Орталық сайлау комиссиясының экс-төрағасы Берік Имашевтың ұшақта отырған фотосы әлеуметтік желіде тарады.
Orda.kz Telegram-ботына оқырмандарымыздың бірі Имашевтың ұшақтың ішінде отырған фотосын жіберді. Фотодан экс-шенеуніктің бизнес-класспен ұшып бара жатқанын байқауға болады.
Оқырманның айтуынша, Берік Имашев лауазымынан алынғаны туралы хабар тараған уақытта Алматыдан Астанаға ұшты. KS 853 рейсі. Экс-шенеуніктің үстінен алкоголь иісі шығып тұр.

Имашев ОСК-ны 2016 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келді. Ол бұл қызметке өткен жылы қайта сайланды.
61 жастағы Имашев әр жылдары Әділет министрлігін басқарған, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған.
Оның қызы Аиданың Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевке тұрмысқа шыққанына 20 жылға жуықтады. Имашев Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен айырылған бұрынғы президенттің туыстарының бірі.
Дариға Назарбаева осы уақытқа дейін өз орнын сақтап қалған жалғыз адам - ол билеуші «Nur Otan» партиясынан сайланған мәжіліс депутаты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық