Латвия Ресей мұнайының арқасында мұнайлы елге айналды
Республикада санкцияланған мұнай ғажап түрде кәдімгі мұнайға айналып, жасырын айналым арқылы Америка Құрама Штаттарына сатылуда.
Латвияның әлемдік мұнай нарығындағы ойыншылардың біріне айналғаны кездейсоқ, әрі қызық болды. Eadaily басылымы жазғандай, Балтық теңізінің акваториясында шикі мұнай тиелген танкерлер қозғалысының қарқындылығы кенет күрт өсті. Оның үстіне Латвия портына келетін танкерлер көбіне ресейліктер.
«Көптеген шикі мұнай танкерлері Ресейдің Санкт-Петербург пен Усть-Луга порттарынан шығып, Латвияның Вентспилс портына бет алады. Тәжірибесіз зерттеуші : Латвияға кенеттен мұнай, әсіресе шикі мұнай неліктен қажет болды, - деп сұрайтыны сөзсіз. Өйткені, оның аумағында бірде-бір мұнай өңдеу зауыты түгілі, шын мәнінде, азды-көпті маңызды мұнай-химия өнеркәсібі де жоқ. Шындығында Латвияға бұл мұнай қажет емес, бірақ Вентспилс бір айлакер схеманың негізгі қатысушысы ғана, соның арқасында осы мұнайды сатып алуға эмбарго жариялаған АҚШ Ресейден мұнай сатып ала алады» деп түсіндіреді басылым.
Вентспильсте ресейлік мұнай «латвиялық қоспаға» айналады, содан кейін «демократиялық» майлы сұйықтық Голландиядағы немесе АҚШ-тағы Shell терминалдарына жеткізіледі. Еске сала кетейік, Украинадағы жағдайға байланысты АҚШ-та Ресейден энергия ресурстарын импорттауға тыйым салатын заң күшіне енді.
«Осы схеманың арқасында Латвия кенеттен Кувейтпен, тіпті Сауд Арабиясымен бәсекелесе алатын ұлы мұнай державасына айналды. Барлық танкер маршруттары мен қор деректері жалпыға қолжетімді. Латвия, Нидерланды және АҚШ билігі бұл схема туралы әрине біледі» деп жазады Еdaily.
Белгілі болғандай, мұндай схема ешкімді алаңдатпайды. Бірақ кенеттен біреу күдіктенсе, сіз әрқашан басқа ұқсас схеманы таба алатындығызға басылым сендіреді . Мысалы, Түркия мұнай өндіруші ел болады. Немесе басқа жерде оларға жайлы да тыныш баспана табылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық