Қайырымдылық жәшіктерінен түскен ақшаға лаңкестерді қаржыландырған
Полицейлер Ақтаудағы ірі сауда орталықтарының кіреберісіндегі қайырымдылық жәшіктерін тексерді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жәшіктерге жиналған ақша заңсыз діни әрекеттерге жұмсалған.
Маңғыстауда облыстық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасы, жергілікті полиция қызметі бөлімі және әкімшілік кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерінен арнайы мониторингтік топ құрылды.
Олар Ақтау аумағында орналасқан ірі сауда орындарындағы қайырымдылық жәшіктерінің заңдылығын тексерді. Сонымен қатар, аталған сауда нүктелерінің иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Рейдтің басты мақсаты – қайырымдылыққа бөлінген қаржының жеке мақсатқа, өз мүддемізге жұмсалуын бақылау. Осындай жәшіктерге жиналған ақшаның заңсыз діни іс-шараларға жұмсалғаны анықталды. Сондай-ақ деструктивті діни ағымды жақтаушылар тобы «қайырымдылық жинау» арқылы террористік, экстремистік ұйымдарға қаржылай демеушілік жасағаны туралы деректер бар» деп хабарлайды lada.kz сайтына полиция департаменті.
Маңғыстау облысының полиция департаменті мұндай заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің бабымен қарастырылғанын ескертіп, облыс тұрғындары мен қонақтарын мешіттерде орналасқан арнайы орнатылған қайырымдылық жәшіктерін пайдалануды сұрайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық