Лакшми Митталға тиесілі «АрселорМиттал Теміртау» мемлекетке қайтарылады – дереккөз
Үндістандық милиардер Лакшми Митталға тиесілі «АрселорМиттал Теміртау» мемлекетке қайтарылады.
Бұл туралы Nege.kz дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.
«Үкімет қабырғасында «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының жұмысын тоқтатып, ұлттандыру процесін бастау идеясы талқылануда. Ол бойынша Әділет министрлігі өзінің сараптамасын беруі тиіс. Себебі, Митталдың бізбен халықаралық арбитражда соттасатыны айдан анық» делінген хабарламада.
Басылымның хабарлауынша, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бас директоры, үнді азаматы Биджу Наирдың үстінен қылмыстық іс қозғау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
«ҚР Қылмыстық Кодексінің 254-бабы бойынша, коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өз қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, белгiлi бiр лаузымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Биджу Наир «Арселор Миттал Теміртауды» басқарып отырған 2020 жылдан бері 14 адам қайтыс болды. Жыл сайын тұрақты түрде 4-5 адам апатты жағдайдың салдарынан қайтыс болады. Және ол тікелей компания басшысының кінәсі» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық