«Лайықты бағамызды алдық»: Қазақстан футзалдан әлем чемпионатында ұтылып қалды
Фото: Olimpic.kz
Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аргентинаға есе жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ойынның бірінші таймы 0:0 есебімен аяқталған. Бірақ екінші таймның басында аргентиналық капитан есеп ашты. Көп ұзамай Шыңғыс Есенамановтың қателігінен кейін таблодағы көрсеткіш 2:0-ге жетті. Қазақстан құрамасы қарқынын күшейтіп, шабуылға шыққанымен, сәттілік серік болмады. Айып алаңында Кнаубтың қолына доп тиді деген төреші қақпаға пенальти белгіледі. Сөйтіп есеп еселене түсті.
Бес ойыншымен шабуылдаған құрама футзалшылары қақпаны бос қалдырып, аргентиналықтар бұны тиімді пайдаланып кетті. Есеп — 4:0. Содан кейін Дәурен Тұрсағұлов есеп айырмасын қысқартқанмен, Игитаның қателігін пайдаланған аргентиналықтар есепті 5:1-ге жеткізді.
Соңында допты қолмен қайтарған Дәурен Тұрсағұлов қызыл қағаз алып алаңнан қуылды да, Қазақстан қақпасына пенальти қойылды. Ойын 6:1 есебімен аяқталды.
Еске сала кетсек, ұлттық құрама ширек финалдан қайтса да, жанкүйерлердің есінде қаларлықтай ойын көрсетті. Топтық кезеңде екінші орын алған құрама 1/8 финалда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Португалияны жеңіп кеткен еді.
Бұған дейін Қазақстан өткен әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын. Финалға шығатын кездесуде ұлттық құрама Португалиядан пенальти сериясы бойынша ұтылған еді. Ал үшінші орын үшін кездесуде Бразилияға есе жіберген.
Айта кетейік, көршілес мемлекетте өтіп жатқан әлем біріншілігіне Қазақстаннан келген жанкүйерлер қарасы көп болды. Оған қоса жергілікті тұрғындар да біздің құрамаға қолдау көрсеткені де желіде тарап кеткен еді.
Ойыннан соң Ұлттық құрама бапкері Кака бар жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты.
«Команда көшбасшысы ретінде бәріне мен кінәлімін. Команданы уыстан шығарып алдым, бәлкім басқаша әрекет ету керек пе еді. Алаңда команда ойнайды, жекелеген қателіктерге қарамаймын. Бүгін біз лайықты бағамызды алдық. Себебі өз деңгейімізден әлдеқайда әлсіз ойнадық. Жанкүйерлерге алғысым шексіз. Олардың осында келуіне біздің қосқан үлесіміз көп, дегенмен олар келгенде біз лайықты ойын көрсете алмадық», — деді Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака).
Ал команда капитаны Игита өзінің соңғы әлем чемпионатына қатысқанын айтты.
«Бұл менің соңғы әлем чемпионатым. Менің қолымда тұрса ойнай берер едім. Дегенмен уақыт өзінің дегенін жасайды. Еуроға шамам келуі мүмкін, бірақ әлем чемпионатына қатыса алмаймын», — деді Игита.
Құрлықтық және әлем чемпионаттарында әлемдік деңгейде ойнап жүрген Ұлттық құрама биыл да үздіктер қатарынан табылды. Өткен мундиалда үздік төрттікте болса, биыл үздік сегіздік қатарынан көрінді. Бұл еліміздің командалық спорттағы үздік көрсеткіштердің бірі десек қателеспейміз.
Жаңалықтар
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады