Ләйлә Сұлтанқызы желіде талқыға түскен аяқ киімге қатысты пікір білдірді
Коллаж Orda.kz
Журналист Ләйлә Сұлтанқызы желіде талқыға түскен аяқ киімге қатысты өз ойымен бөлісті.
Еске салсақ, бұған дейін желі қолданушылары ескі аяқ-киімін шешіп, жаңа аяқ-киім киіп кеткен қарақшыны ақтауға кіріскен. Алайда, Ләйлә Сұлтанқызы мұндай адамдарды ақтауды тоқтату керектігін айтты.
«Шынымен, жандарыңыз ашып отыр ма? Сол тонаушы қазір өз халқынан тонаған жаңа аяқ киіммен жүр деп те ойлап көрейікші. Бұл бейбіт митинг емес екеніне көзіміз жетті ғой. Бірақ әлі де осы кроссовкиге қарап, тебіреніп жатқандар бар екен.
Мен бүлік кезінде қол-аяғы кеміс бір адамды көрмедім. Он екі мүшесі сау бола отырып, қазіргі ер адамдар өзіне бір қыстық аяқ киім сатып ала алмайды дегенге сенбеймін. Мұны романтизациялап қажеті жоқ. Бұл спорттық аяқ киім тез қозғалу үшін, қашу үшін арнайы киілген.
Жақтап, аяп отырғандарға айтарым, мына сіздің жеке затыңызды тонаушы ұрлап кетсе де аяп отыра бересіз бе? Ешкім де өз заты тоналса, кешірмейді. Ол бірден полицияға арызданады. Сол дүкен иесі де қарапайым халық қой. «Ит ашуын тырнадан алса», бұл әділдік емес.
Тонаушыны ақтап алуды қою керек. Қылмыс бар жерде кешірім, мейірім, жағдай солай деген болмайды. Жемқорлықсыз, өтіріксіз жаңа Қазақстанды өзімізден бастасақ қалай қарайсыздар?» деп жазды журналист.
Дегенменде оның оқырмандары жургізушінің ойына қарсы пікір білдірді.
Олардың бірі былай деп жазды:
«Ләйлә ханым, бұдан да жаман аяқ киіммен жасөспірім балалар жүр. Неше түрін көріп жүрміз. Осы халықтың осыншама азып-тозып кеткен халықты тонаған, осы жағдайға жеткізген нағыз ұрылар туралы жазсаңыз жақсы болар еді».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық