Ләйлә Сұлтанқызы алғаш рет орыс тілінде сұхбат берді
Қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы алғаш рет орыс тілінде Orda.kz редакциясының youtube арнасында сұхбат берді.
Бір сағаттық сұхбат кезінде тележүргізуші қазақ тілінің 90-шы жылдардың соңында қолданылуы, орыс тілінің мәртебесі, өзі жүргізген «ток-шоулардағы» шулы оқиғалар, «қыздығын» сатамын деген студент қыздың қазіргі тағдыры мен өзінің жеке өмірі туралы айтты. Сонымен қатар, Ләйлә Сұлтанқызы өзінің тоқал еместігін және күйеуінің өзіне дейін екі некеде болғанын жария етті.
– Мен тұрмысқа шығатын кезде күйеуім ажырасқан болатын. Оның маған дейін екі некесі болды. Мен ол туралы жасырмай айтып жүретінмін. Ол тағдыр. Мен ресми әйелімін, неге тоқал болуым керек. Мен тоқал емеспін! Керек десеңіз неке куәлігін де көрсете аламын. Күйеуім Қайраттың бұрын кішкене осы сұраққа жыны келетін. Қазір екеуміз де тоқал деген әңгімеге атүсті қарайтын болдық. Жұрттар күйеуімді көрсетпегенге «ол біреудің тоқалы» деген қауесет шығарып алған. Мен тоқал емеспін, ресми әйелімін.
Сұхбатта көзіне жас алған белгілі тележүргізуші әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа бергенін және өзіне жасалған кибербуллинг тақырыбына да сөз қозғады.
Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық