Ұл болып туған қыз: Алматы перзентханасында жанжал шықты
Осыдан 3 ай бұрын Алматының №3 перзентханасында босанған Мақпал Нұрлан жаңа туған нәрестесінің ұл емес, қыз екенін дәлелдей алмай келеді.
31 арнаның хабарлауынша, перинаталдық орталықтың дәрігерлері қыз баланың туу туралы куәлігіне «ұл» деп жазып, қате жіберген.
Ажардың дүниеге келгеніне біраз болса да, әлі күнге дейін құжатсыз жүр.
29 қыркүйек күні перзентханада бесінші баласын дүниеге әкелген көпбалалы ана ойда-жоқта қиындыққа тап болған.
«Өзі қыз, құжат бойынша ұл. Бізге өзгертіп бере алмай жатыр. Баламның әлі туу туралы куәлігі жоқ. Екі жарым ай болды бізде әлі құжат жоқ. Азан шақырып Ажар деп ат қойдық, бірақ туу туралы куәлігі жоқ. Соны өзгертіп бере алмай жатыр. Бір жарым айда өзгертіп береміз деп айтқан» дейді Мақпал Нұрлан.
Жаңа туған сәбидің әкесі Ұларбек Омар Қазақстанда бәрі қағазбен шешілетініне, оның өзі дұрыс ұйымдастырылмағанына қынжылды. Орталыққа бірнеше рет келгенімен, ешкімнен толымды жауап ала алмаған.
«Азаматтығымыз бар, ЗАГС-ымыз бар. Толыққанды ҚР азаматымыз. Екі жарым айдан бері осы. Туу туралы куәлікті бермей жатыр. Қайда барсаңдар онда барыңдар деп, бізге дұрыстап жауап та бермей тұр» дейді Ұларбек.
№3 перзентхананың дәрігерлері өздерінің қате жібергендерін мойындап отыр. Бірақ олар мұның дәрігер қателігі емес екеніне сенімді.
«Бұл қателік дәрігер салғырттығына да, дәрігер қателігіне де жатпайды. Бірақ ақпараттық жүйеге сәби туралы ақпарды енгізген кезде оператор бала жынысын жаңсақ жазған. Біз бұл қателікті бірден байқадық. Бірақ барлық ақпараттық жүйе бір-бірімен байланыста болғандықтан, оны сол жерде жөндей алмадық. Біз алгоритм бойынша өзімізден жоғары тұрған мекемеге хат жаздық» деп түсіндірді Алматы қалалық перинаталдық орталық директорының орынбасары Салтанат Ерболатова.
Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасында қателік жақында жөнделетінін алға тартты.
Ажардың ата-анасы құжатты алсақ болды, басқа ештеңе керек емес деп сендірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық