Қызылордада жөнделген жолдарды жөндеуге 1,7 млрд жұмсамақ болды
Қызылорда облысының әкімдігі 1,7 млрд теңгені үнемдеуге көмектесті. Бұл қаржыны шенеуніктер жақында ретке келтірілген жолдарды жөндеуге жұмсамақ болған.
Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлайды.
Қадағалау органы қызметкерлері жүргізген талдаудан кейін мемлекеттік сатып алулар бойынша төрт конкурстың күші жойылды.
«Бұрын ағымдағы жөндеуден өткен жолдарды күрделі жөндеуге бюджет қаражатын бөлу фактілері анықталды. Прокуратураның араласуының нәтижесінде 1,7 млрд теңге көлемінде бюджеттің негізсіз жұмсалуының жолы кесілді» деп толықтырды прокуратура.
Атап айтқанда, Қызылжарма ауылдық округіне қарасты Батырбаев көшесін айтуға болады. 2020 жылы мұндағы жолдарды орташа жөндеуге 49 миллион теңге жұмсалған. Заңға сәйкес, бұл жолды күрделі жөндеу енді алты-тоғыз жылдан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
«Осы талаптарға қарамастан, 2023 жылы Қызылжарма ауылдық округі әкімдігі бюджеттен қаражат бөліп, Батырбаев көшесін күрделі жөндеуге 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялады» деп атап өтті прокуратура.
Осындай заң бұзушылықтар Әбенова, Досхожина және Сексенбаева көшелерінде де анықталды. Бұл күрделі жөндеу жұмыстарына миллиард теңге жұмсамақ болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық