Қызылордада жігіт өз әйелін жүкті қылғаны үшін 12 жылға сотталды
Фото: бейнеден кадр
Қызылордада облысында жас жігіт өз әйелін жүкті қылғаны үшін 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Informburo мәліметінше, Нұртілеу мен Аяла шаңырақ көтерген кезде қыздың жасы 15 жаста еді. Ата-аналардың рұқсатымен молдаға некелерін қидырған.
Кейін 15 жастағы Аяла жүкті болып, дәрігерге көрінген кезде медицина қызметкерлері ақпаратты полицияға жеткізді. 21 жастағы Нұртілеу жасөспірімді жыныстық қатынасқа итермеледі деп айыпталды.
Бала түсіп қалу қаупі бар деген соң УЗИ-ге түсірдік. Бір аптадан кейін полиция шақырды. Содан тергеу басталды. Үш ай баламды тергеуде сандалтты. Анау әншілердің қыздары кетіп жатыр ғой. Қанша әншілердің қыздары ерте күйеуге шықты. Оларға заң жоқ та бізге келгенде заң бар ма? Педофил қылып көрсеткені аздай, баламды 12 жылға соттап жіберді, дейді сотталушының анасы Гүлбану Әшірбаева .
Нұртілеу Ибрагимов кәмелетке толмаған қызды төсек қатынасына тартты деп айыпталған, сотқа жұбайы жәбірленуші ретінде қатысты. Алайда Аяла әлі күнге дейін күйеуінің үйінде тұрып, келіндік міндетін атқарып жүр.
Мен бұл үкімге келіспеймін, күйеуімді босатып беріңдер дедім. Былай қарап отырсақ, 15 жастан үйленіп жатқандар көп қой. Бірақ менде солар бақытты болуға лайық та, дәл біз неге бақытты болуға лайық емеспіз деген сұрақ бар. Не үшін менің күйеуім жазықсыздан жазықсыз түрмеде отыр, дейді Аяла.
Қылмыстық іс жабық түрде қаралып, ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу және мұғалімдік қызмет атқарудан өмір бойына айыра отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Аппеляциялық сотта да 21 жастағы жігіттің жақындарының шағымы қанағаттандырусыз қалған. Ата-аналары енді жоғары сотқа жүгінбек.
Жаңалықтар
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң