Қызылордада жезөкшелікке түсірген қыздың анасы мен журналистке шабуыл жасалды
Коллаж: Orda.kz
13 желтоқсанда Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызылордалық қызды жезөкшелікке тарту ісі бойынша үкім жарияланды. Сонымен қатар осы іс жайлы жазған журналистке және анасына шабуыл жасады деп хабарлайды Orda.kz «Немолчиkz»-ке сілтеме жасап.
Айыпталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 134-бабы бойынша 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл — заң бойынша ең жоғарғы жаза.
Қоғамды дүр сілкіндірген бұл оқиға сотталушының жәбірленушіні интернеттегі сайттан тауып, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеуінен басталған. Кәмелет жасына толмағанын біле тұра, ол қызды басқа ер адамдарға ұсынуды жалғастырған.
Сонымен қатар, сотта айыпталушының алаяқтық әрекеттері анықталды. Ол әкімдік қызметкерлерімен байланысын пайдаланып, жұмысқа орналастыру мен жер телімдерін беру секілді мәселелерді шешкен.
Алайда үкім жарияланғаннан кейін жағдай ушыға түсті. Сотталушының туыстары жәбірленушінің анасы мен осы істі жариялаған журналистке шабуыл жасаған. «Новая газета» журналисі болған оқиғаны жазып қана қоймай, анасына араша түсіп, оқыс жағдайдың алдын алды.
НеМолчиKZ ұйымының өкілдерінің айтуынша, ана мен қызға жасалып жатқан қысым өте ауыр, ал алда зорлық-зомбылықтың ауыр эпизодтары қаралатын сот отырыстары бар.
Құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділері соттың жеңіл жазасына наразылық білдіріп, жәбірленушілер мен олардың отбасы мүшелерінің қорғалуын қайта қарауды талап етуде. Осы оқиғаның куәгері әрі қатысушысы болған журналист қоғамның назарын мәселеге аудару үшін кең көлемді материал дайындап жатыр.
«Біз бұл отбасының қауіпсіздігі үшін алаңдаймыз және құқық қорғау органдарынан нақты шараларды талап етеміз. Бұл тек сот іс тек сот ісі емес, әділдік үшін күрес», — деп жазды ұйым өкілдері.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты