Қызылордада донор қаны құйылып, ВИЧ жұқтырған әйел: сәбидің талдау нәтижелері шықты
Фото: freepik.com
Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанған әйелдің АИТВ-инфекциясын жұқтыруына қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, перзентханада қан құйдырған әйелдің АИТВ-инфекциясын жұқтырғаны кезекті тексеру кезінде анықталған. Қазіргі таңда ол облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына есепке алынып, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр екен.
«Қазіргі таңда нәрестенің ВИЧ (адам иммун тапшылығы вирусы) жұқтыру көрсеткіші теріс нәтиже көрсетіп отыр. Дегенмен, сәби 1,5 жасқа толғанда ғана оның нақты жұқтырған-жұқтырмағаны анықталады. Эпидемиологиялық зерттеу барысында қан құюға пайдаланылған барлық донорлардың ВИЧ-тест нәтижелері теріс болғаны анықталды. Қазір бұл жағдайға байланысты тергеу мен донорларды қайта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі», деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, Қызылорда облыстық перинаталдық орталығына босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донордан қан құйылып, бір айдан кейін одан АИТВ (ВИЧ) анықталды. Оқиға тіркеліп, денсаулық сақтау министрлігіне хабар берілген, бірақ ешқандай шара қолданылмағаны белгілі. Медицина қызметкерлерін тергеудің орнына БАҚ-қа шағымданбау үшін ақша ұсынған.
Болған жағдайды денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова түсіндірді. Ол қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
«Бұл жағдай денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады», — деді министр Мәжіліс дәлізінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық