Қызылордада әйел түрмеден жаймамен қашып шықты
Фото: freepik.com
Қызылордада тергеу барысында қамауға алынған әйел төсек жаймасын батареяға байлап, терезе арқылы қашып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аға сержанты қамаудағы әйелді күзету бойынша жұмысын қабылдап, аурухана бөлмесінің дәлізінде отырған. Ал күдікті әйелмен бір бөлмеде инспектор-психолог, әділет лейтенанты болған.
Таңғы сағат 4 шамасында тергеу үшін қамауға алынған әйел оны күзетіп тұрған әділет лейтенантының ұйықтап кеткенін пайдаланып, қашып кеткен. Ол төсектің екі жаймасын жылыту батареясына байлап, терезе арқылы қашқан. Кейіннен әйел ұсталып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қамалды.
Алайда қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін есіктің сыртында болған аға сержант жұмыстан қуылған. Бұл шешімге келіспеген ол сотқа жүгінді.
Жергілікті сот жұмыстан заңды түрде босағанын айтып, өтінішін қабылдамаған. Жоғарғы сот бұл шешімді өзгертті.
Жоғарғы Сот аталған жайт онымен еңбек шартын бұзуға негіз бола алмайтынын мәлімдеп, аға сержантты өз жұмысында қалдырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық