Қызылордада 16 жасар оқушы қызды сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген
фото: Рixabay.com
Қызылордада 16 жасар қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, қорқытып, бопсалап, есірткі бергені анықталды. Бұл қылмысқа күдікті қыздың сыныптастары деген болжам бар.
Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоры хабарлады.
Жәбірленушінің анасы оның үйдегі жалғыз бала екенін айтты.
«Ақпан айынан бері кәмелетке толмаған 16 жасар қызымды күштеп ұстап, мазақ етті, ұрып-соғып, қарнына полиэтилен пакетін жапсырып, күйдірді. Бізді және қызымды пышақпен қорқытып, оны жезөкшелікке итермеледі. Бұл іске оны сыныптасы, сыныптасының әпкесі және басқа сыныптасының қатысы бар. Қызым олардың қоқан-лоққысынан қорқып, кейде үйге келіп, кейде қысымға шыдамай қайта үйден кетіп қалып жүрді», — дейді анасы.
Анасының сөзінше, ол болып жатқан жағдай жайлы жеке басының және жақындарының қауіпсіздігі үшін ешкімге тіс жарып айтпапты. Сондай-ақ, қызының үйге түнемей жүргенін мектеп басшылығы мен полиция білген. Зәбір көрген қыздың ата-анасы тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Алайда оқушы қыз ләм-мим деп аузын ашпапты. Қызды есірткіге отырғызып, зорлаған, бұған қоса жәбірленушіден ақша бопсалады.
Соңғы рет жәбірленушіден 1 млн теңге көлемінде қаржы беруін талап етіпті. Әйтпегенде, шашын тақырлап, өзін өлтіреміз деп, ал фото мен бейнежазбаны әлеуметтік желіге саламыз деп бопсалапты.
Сыныптастарының ықпалды туыстары бар. Сол себепті айыптылар бассыздыққа тайсалмай-ақ бара береді. Ал қыздың ата-анасы қызының қорлық көргені үшін күдіктілер жазасын алмай кетеді деп қауіптенеді.
Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін ҚР ҚК-нің 134-бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады.
«Қызылорда полициясы осы факті бойынша күдіктілерді ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасуда» деп хабарлады өңірдің облыстық департарменті.
Қазір іс бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл іске балалар омбудсмені Динара Закиева да араласты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық