Қызылорда-Жезқазған автожолы құрылысына $300 млн: кім қаржыландырмақ?
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы қонақты АДБ-мен ынтымақтастықтың 30 жылдығымен құттықтады.
Тоқаев еліміздің банкпен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын және оның ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
АДБ басшысының сапары барысында Қызылорда-Жезқазған автожолы құрылысы жобасын қаржыландыру туралы $300 млн-нан астам сомаға келісімге қол қою жоспарлануда.
Айта кетсек, 1994-2024 жылдар аралығында АДБ Қазақстанға шамамен $7 млрд көлеміндегі жобаларды қаржыландырды, атап айтқанда, банк Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автомобиль дәлізі құрылысына және Ақтөбе – Қандыағаш жолын қайта жаңартуды қаржыландырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық