«Қызыл кітаптағы құстар»: 1 тамыздан бастап Қарағандыда блокпост орнатылады
Фото: wikipedia
Қарағанды облысында 1 тамыздан бастап «Сокол» атты табиғат қорғау акциясы басталады. Бұл акцияның мақсаты – балобан құстарының ұшып көшуі кезінде браконьерлікке тұсау салып, тыйым салу болып отыр.
Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігі хабарлады.
Қызыл кітапқа енген құстардың ұшуы мүмкін жерлерге, яғни тас жолдарға бақылау посттары орнатылады. Акцияға «Охотзоопром» инспекторлары, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасы, сондай-ақ құқық қорғау органдары өкілдері қатысады.
«Акция 1 тамыздан 31 қазанға дейін жалғасады. Бұл акцияға 11 инспектор, екі жүргізуші, 4 жеңіл автокөлік және екі «КУНГ» КамАЗ-ы жұмылдырылады. Инспекторлар қызметтік қару, қорғаныс жилеттері, кісендер, планшеттер, бейнежазба құралдары және басқа да жабдықтармен қамтамасыз етіледі, – деп хабарлады Регионалдық коммуникациялар платформасында РМҚК «Охотзоопром» Орталық өңірлік филиалының басшысының орынбасары Шыңдос Омаров.
Балобан құстарын заңсыз аулағандар ҚР Қылмыстық кодексінің 337 және 339-баптарына сәйкес қатаң жазаға тартылады. Заң бұзушыларға 3000 МРП-ға дейін айыппұл салынады немесе мүлікті тәркілеумен 5 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 3 жылға бас бостандығынан айырылады. Бір балобан құсы үшін залал төлемі 700 МРП немесе 2 415 000 теңге болады.
«Балобан құстары Қазақстанның Қызыл кітабына, Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына және CITES (СИТЕС) қосымшасы 2-ге енгізілген. Балобандар мен олардың дериваттары, мысалы, жұмыртқалар мен қауырсындарды шекара арқылы өткізу тек Қазақстандағы СИТЕС әкімшілік органының рұқсатымен ғана болады, – деді Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Абзал Балтабаев.
Әр көктем сайын балобан құстарының популяциясын арттыру мақсатында өңірде қорғау шараларын жүргізе отырып, табиғи ортаға шығарып салады. Биыл 63 құс ұшырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық