«Қызыл кітаптағы құстар»: 1 тамыздан бастап Қарағандыда блокпост орнатылады
Фото: wikipedia
Қарағанды облысында 1 тамыздан бастап «Сокол» атты табиғат қорғау акциясы басталады. Бұл акцияның мақсаты – балобан құстарының ұшып көшуі кезінде браконьерлікке тұсау салып, тыйым салу болып отыр.
Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігі хабарлады.
Қызыл кітапқа енген құстардың ұшуы мүмкін жерлерге, яғни тас жолдарға бақылау посттары орнатылады. Акцияға «Охотзоопром» инспекторлары, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасы, сондай-ақ құқық қорғау органдары өкілдері қатысады.
«Акция 1 тамыздан 31 қазанға дейін жалғасады. Бұл акцияға 11 инспектор, екі жүргізуші, 4 жеңіл автокөлік және екі «КУНГ» КамАЗ-ы жұмылдырылады. Инспекторлар қызметтік қару, қорғаныс жилеттері, кісендер, планшеттер, бейнежазба құралдары және басқа да жабдықтармен қамтамасыз етіледі, – деп хабарлады Регионалдық коммуникациялар платформасында РМҚК «Охотзоопром» Орталық өңірлік филиалының басшысының орынбасары Шыңдос Омаров.
Балобан құстарын заңсыз аулағандар ҚР Қылмыстық кодексінің 337 және 339-баптарына сәйкес қатаң жазаға тартылады. Заң бұзушыларға 3000 МРП-ға дейін айыппұл салынады немесе мүлікті тәркілеумен 5 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 3 жылға бас бостандығынан айырылады. Бір балобан құсы үшін залал төлемі 700 МРП немесе 2 415 000 теңге болады.
«Балобан құстары Қазақстанның Қызыл кітабына, Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына және CITES (СИТЕС) қосымшасы 2-ге енгізілген. Балобандар мен олардың дериваттары, мысалы, жұмыртқалар мен қауырсындарды шекара арқылы өткізу тек Қазақстандағы СИТЕС әкімшілік органының рұқсатымен ғана болады, – деді Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Абзал Балтабаев.
Әр көктем сайын балобан құстарының популяциясын арттыру мақсатында өңірде қорғау шараларын жүргізе отырып, табиғи ортаға шығарып салады. Биыл 63 құс ұшырылды.
Жаңалықтар
- Ұшақтан 14 рет құлаған: Қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова туралы не білеміз?
- Президент Түркістанда БҰҰ өкілін қабылдап, Өзбекстан сыйға тартқан жаңа мешітті аралады
- Қазақстандық банк жүйелерін балағаттаған ресейлік қамауға алынды
- Forbes жариялаған Қазақстандағы 44 жасқа дейінгі ең бай сегіз бизнесмен кім?
- Халық Кеңесі құрамына кімдер кіре алады?
- Халықаралық отбасы күні: Қазақстандағы некелесу көрсеткіші қалай өзгерді?
- 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Қытай кемелерінің өтуіне рұқсат берді
- Түркістан саммиті: Түркі әлемінің цифрлық болашағына бағытталған стратегиялық қадам
- Трамп пен Си Цзиньпин Бейжіңде келіссөз өткізді
- Үндістанда қатты дауылдан 89 адам қаза тапты, Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады
- ДДСҰ хантавирустың андтық штаммының сегіз жағдайын растады
- Оралда бұрынғы полицей бір үйдің екі қызын көлікпен басып өлтірді, сот шешімі шықты
- «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыздың видеосы дауға айналды
- Қазақстан басшылығына ұсынылған Сәкен Сейфуллин түрмеден қалай қашты?
- Қазақстанда жұмыс орнындағы харассмент үшін жаза енгізілуі мүмкін
- Қазақстан мен Түркия стратегиялық серіктестікті нығайтуға уағдаласты
- Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды
- Ақтауда бір жарым жасар баланы полиция қызметкері қағып кетті
- Алаяқ азаматтарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, алдаған