Қызметінен кеткен Дариға Назарбаеваның ұлы миллиондарды арқалап кетті
Фото: Ttc.kz
Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ акционерлері мен директорлар кеңесінен шықпас бұрын қомақты дивиденд алып үлгерген, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұрәлі Әлиев 12 ақпанда «Транстелекомдағы» өз үлесін сататынын мәлімдеді. Дәл сол күні компания 2023 жылға арналған акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған құжатта көрсетілген.
Дивидендтер 31 қаңтарда төленген, олардың жалпы сомасы алты миллиард теңге болды. Нәтижесінде, 27 қаңтардағы жағдай бойынша компания акцияларына иелік еткен инвесторлар шамамен 4,5 млрд теңге (бір қарапайым акцияға 1064,19 теңге) алған, қалған сома кейінірек төленеді. Сол кезде Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупателев «Unit Telecom» ЖШС арқылы «Транстелеком» акцияларының 75%-ына иелік еткен.
Назарбаевтың немересі компаниядағы үлесін сататынын жариялағаннан кейін, директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне Дмитрий Покупателев тағайындалды. Сондай-ақ, компанияның жоғары басшылығында өзгеріс болды. Директорлар кеңесіндегі екі мүшенің орнына Jusan Mobile-дың үш өкілі енгізілді.
Jusan Mobile-ды қазіргі Jusan Bank иесі Ғалымжан Есенов JV Holding Ltd. холдингтік компаниясы арқылы басқарады. Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алуға ниетті екенін растағанын ескерсек, Есенов бұл активтің орнына Нұрәлі Әлиевтің «Транстелекомдағы» үлесін алуды жоспарлауы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық