«Қызғыздар қазақ көкпарын жарыстан шеттетті»: Қазақстан көкпар федерациясы не дейді?
Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі
Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі 2026 жылғы Көшпенділер ойындарының жарыс бағдарламасында тек көкбөрі турнирі ғана өтетінін айтты. Қазақ көкпары сайыстан шеттетілді. Бұған Қазақстан көкпар федерациясы пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz 1bol.kz сайтына сілтеп.
Федерацияның атқарушы директоры Ғани Дуйшенов қырғыздар тарапынан әділетсіздік орнағанын жасырмады. Оның айтуынша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Халықаралық этноспорт конфедерациясының қатысуымен өтеді екен.
Алайда бұл конфедерация қырғыздар шығарған шешімнен хабарсыз болып шықты.
«Ресми түрде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен көкпар федерациясы ешқандай регламент пен ресми хат алған жоқ. Әрине, бұл шешіммен келіспейміз. Қырғызстан жағымен әзірге ешқандай байланыс орнатылмады. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдымен спорт саласына жауапты мемлекеттік орган ретінде, министрлік жүргізеді», — деді Ғани Дуйшенов.
Айта кетейік, былтыр қыркүйекте Қазақстанда өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ-қырғыз көкпаршылары дүрбелең шығарып, төбелесті. Содан көп ұзамай жеңіліп қалған Қырғызстан көкбөрі федерациясының өкілдері Қазақстан көкпаршыларын қарымта ойынға шақырған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық