Қыз зорлаған блогерді «жақтаған» депутат енді не демек?
Фото: qazpolit.org
«Қыз зорлады» деп айыпталған Ерқанат Думанды жақтаған Абзал Құспан өзіне тағылған айыптарға қатысты пікірін білдірді.
Бұл туралы Оrda.kz хабарлады.
Жақында «қыз зорлады» деп айыпталған блогер Ерқанат Думан ақталған болатын. 18 маусымда Жоғарғы сот ақтау жайлы үкімнің күшін жойды. Желі қолданушыларының пікірінше, мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы іс бойынша сөйлеген сөзінде блогерді қолдап, қызды жазалауға шақырған болатын.
Артынша жәбірленуші тарап депутаттың жабық сот ісін талқылауға, оны жариялауға тыйым салынғанына қарамастан біреуді жақтап пікір білдіргені «депутаттық этиканы» бұзатынын айтты. Адвокаттар қоғамдық ойдың өзгеруіне әсер етіп жатқан депутаттың үстінен комитетке шағым түсіретіндерін хабарлады. Orda.kz осы істі саралаған болатын.
Осы мәселеге қатысты Абзал Құспанның пікірін білу үшін тілшілеріміз мәжіліс депутатын дәлізде күтіп алды.
«3 апта бұрын жуналист сұхбатта маған Ерқанат Думанға қатысты тікелей сұрақ қойған еді. Ол жеке өзі тек маған емес, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне жүгінді», – деді депутат.
Депутат блогердің мәжілістегі комитетке толығымен сараптамаларды көрсеткенін айтты.
«Егер заң тыйым салмаса, ол құжаттарды алуға құқылы. Біздің... нақтырақ айтқанда оның қолында Алматы қалалық сот басқармасының ақтау жайлы үкімі болды. Біз бірінші соттағы айыптау үкімі мен ақтау үкімін салыстырдық. Мен ақтау жайлы үкімнің әділ көрінгенін айттым», –деді Абзал Құспан.
Сондай-ақ, депутат өз сөзінде жәбірленуші Ерқанат Думанды мүлде танымайтынын, «оны жақтады» деп кінә таққаны үшін ғана есімін есте сақтап қалғанын айтты.
«Сот актілеріне қарап оқиғаның хронологиясын айта кетсек. Мен екі тарапты да танымаймын. Жәбірленуші Моңғолияда туылған азамат. Мен Батыс Қазақстанның тумасымын. Ол бізге депутат болған соң жүгінді. Бізде азаматтарды күнделікті қабылдайтын қоғамдық қабылдау бөлімі бар. Ол барлық құжаттарды алып келген соң, 3-4 депутат болып қарадық. Оқиғаның хронологиясына қарасақ, 22:40-та әйел өзі сұранып барған. Дәл сұранып барғаны жазылған, whatsap хаттары бар. Қыз одан не істеп жатқанын сұраған. Ер адам кино көріп отырғанын айтқан. Қыз бірге көруді ұсынған. Оқиға осылай жалғасады. Бірге кино көрген соң, жәбірлеушінің сотталуына себеп болған оқиға орын алған. Телефонын ешкім тартып алмаған. Одан кейін тамаққа тапсырыс берген. Ешқандай қарсылық көрсеткен белгілер жоқ. Сағат түнгі 3-те арыз жазады. Сот актілерінде 100 млн сұрағаны жайлы деректер бар. Сіздің ойыңызша, юрист ретінде мен не ойлауым керек? Мүмкін кейбір деректерді Жоғарғы сот көрсетпеу керек деп шешкен шығар. Журналист сұрақ қойды. Мен өз пікірімді айттым. Менің мұнда көздеп отырған жеке мүддем жоқ. Ол азаматты танымаймын да. Бір қаладан да емеспіз. Жәбірленуші қызды да танымаймын. Қоғамда болып жатқан істер болған соң, көпшілік бізге жүгініп жатады», – деді Абзал Құспан.
Ал тілшіміздің «Жоғарғы соттың шешімі шыққаннан кейін пікіріңіз қалай өзгерді?» деген сұрағына:
«Мен Жоғарғы соттың үкімін көрмедім. Оны тараптардың бірі әкеліп көрсетуі керек. Бұл істің жайын ары қарай қарағаннан мән көріп тұрған жоқпын. Егер бізге жүгініп жатса, кірісеміз. Мен сот ісіне қатысты адам емеспін. Сондықтан іс жайлы сұратып жатсам да, маған бермейді. Егер жәбірленуші қыз маған келсе, ашық жауап беруге дайынмын. Әріптестерім сияқты сұрақтан жалтармаймын. Ашық түрде қойған сұраққа қашан да жауап беремін. Жәбірленуші қызды мен танымаймын. Атын да ұмытып қалыппын. Ал екінші тараптың есімде қалған себебі — «жақтады» деп мені айыптағандар болды. Ерқанат Думан есімі сол себепті есімде қалды. Мен ешкімнің жағында емеспін. Әділдік жағындамын», – деді Абзал Құспан.
Еске сала кетейік, қылмыстық іс Жоғарғы сотқа бармай тұрып жабық болды. Бірақ Думан Ерқанат әлеуметтік желіде жәбірленушінің есімін және сот істерінен өзіне пайдалы ақпараттарды жариялады. Ал Абзал Құспан ашық түрде Ерқанат Думанның кінәсіздігіне көзі анық жететінін және Алматы қаласының аппеляциялық қаулысының «дұрыс» екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды