«Қыз Жібек» фильмі: қырғыз режиссер жайлы дау не себепті қозғалды?
Фото: Әдебиет порталы
Қазақтың ең көркем жырларының бірі «Қыз Жібек» екені анық. Жақында қырғыз профессоры Эмиль Каниметов сол кезде режиссер Мелис Убукеевтің фильм үшін еңбек етіп, режиссері бола алмай қалғанын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның сөзінше, Мәскеудің орталық газетінде 1970–1971 жылдары қазақ эпосын қырғыз режиссеріне сенуге қарсылық білдірген мақалалар жарияланған.
Қадірлі оқырман, оның сөзі жайлы айтпас бұрын Orda.kz редакциясы бауырлас қазақ пен қырғыз елдерінің бірлігін әлдебір күштердің бұзуға талпынып, осындай өткен шақтың әңгімесін қаузап отыруы мүмкін екен ескертеді.
Себебі осы уақытқа дейін тілі мен мәдениеті ұқсас, бауырлас екі ел арасына от салған даулы оқиғалар жетеді. Бауырлас қырғыз елінің таңғажайып эпостары жетерлік. Ендеше қырғыз режиссердің өткен кезеңдегі «өкпесін» айту арқылы не көздегенін өзіңіз топшылап көрерсіз.
Эмиль Каниметовтің айтуынша:
«Бұл мақалалар кездейсоқ емес, олар Қазақстандағы белгілі бір топтардың қолдауымен шыққан. Сол кезде Дінмұхамед Қонаев ірі одақтық кино жобаларын бөлуге ықпал еткен».
Каниметов Мелис Убукеев фильм үшін үлкен еңбек етіп, түсіруге құлшынғанын айтып өтті.
«Ол сценарийді Исаий Досжановпен бірге қайта жазып, кейіпкерлердің либреттосын жасап, актерлерді бекіткен. Түсірілім орындарын таңдап, костюмдер мен декорацияларды әзірлеген. Дегенмен, бір түнде фильм «ұлтқа байланысты» басқа режиссерге берілген».

Айта кетейік, режиссер Сұлтанахмет Қожықов түсірген «Қыз Жібек» 1971 жылы нағыз шедеврге айналды. Ол фильмде қазақтың көшпелі мәдениетін ерекше шеберлікпен аса көркем етіп көрсетті. Сценарийді жазушы Ғабит Мүсірепов жазды. Сондай талантты азаматтар бас қосқан жобада Нұрғиса Тілендиев композитор болып, туындының музыкасын көркем етіп, аса шеберлікпен жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық